Түркістан облысының теріскейіндегі Созақ ауданы, Құмкент ауылында спорт кешені ашылды. Нысанның ашылу салтанатында аудан әкімі Салыхан Полатов құттықтау сөз сөйлеп барша ауыл тұрғындарын мерекелерімен және жаңа спорткешенінің ашылу салтанатымен құттықтады. Айта кету қажет, спорт кешенінің ашылу салтанатында әлем чемпионы Біржан Жақып арнайы қатысып, жылы лебізін білдірді. Бұл ғимарат бірнеше жылдан бері сақалды құрылысқа айналған еді. Кейіннен спорт ғимаратының құрылысына жергілігті бюджеттен жүз елу үш млн теңге қаржы қаралып бөлінгенін айта кетпеске болмас. Нысанның құрылыс жұмыстары екі мың он жетінші жылдың желтоқсан айында басталған болатын. Спорт кешенінің құрылысын «Ноутилус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп, қазан айында аяқтады. Заманның барлық талаптарына сай салынған спорт ғимаратында бүгінгі таңда күрес, бокс, футбол және волейбол түрлерінің секциялар жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, мұнда жергілікті жердің 19 азаматы жұмыспен қамтылып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
ТҮРКІСТАНДА СТАДИОН МЕН МУЗЕЙДІҢ ЖƏНЕ МЕДИА-ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің Түркістан облысына іссапары кезінде облыс орталығында бой көтеретін 7 мың орынға шақталған стадионның құрылыс жұмыстары көрсетілді. Астаналық жұмысшы топты облыс әкімі Жансейіт Түймебаев нысан басына өзі алып барып, Түркістанның […]
Түркістан: Келес ауданының дәрігерлері пластикалық ота жасауды қолға алған
Аудан болып құрылғанына 2 жыл болған Келес ауданында медицина саласын дамыту және ауыл халқын сауықтыру мақсатында айтарлықтай ірі жобалар қолға алынуда. Өткен жылы Келес аудандық ауруханасына 16 жас дәрігер жұмысқа қабылданып, мемлекеттен ақшалай көмек алып, […]
Түркістан: Мақтарал ауданының екі ауылын су басты
Түркістан облысы Мақтарал ауданында екі ауылды су басып қалды. Ауданның Өзбекстанмен шекаралас елді мекендерінде су басу қаупі артып тұрғындар түн ішінде эвакуацияланды. 1-мамыр күні сағат 5.20-да Сардоба су қоймасының бөгетін су шайып кетіп Өзбекстан Республикасы, […]
Пікір қалдыру