Шардара ауданында биылғы жылдың есепті мерзімінде 18962,6 млн. теңгенің ауылшарушылығы өнімдері өндіріліп, НКИ 107,1 % құраған. Сонымен қатар, осы жылы аудандағы 64000 гектар суармалы жердің 59300 гектарына ауылшаруашылығы дақылдары егілді. «Даму бағдарламасының» жоспарына сәйкес, 700 гектар егістік жерге тамшылатып суғару әдісін ендіру тапсырмасы 711 га немесе 101,6 пайызға, 5 га жерге жылыжай салу тапсырмасы 6,05 га немесе 121 пайызға орындалды. 2018 жылдың бекітілген жоспарына сәйкес, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1050 бас ірі қара мал алу жоспарланып, нақты 1470 бас ірі қара мал (140%), «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2770 бас уақ мал алу тапсырмасы 3350 басқа (120,9%), «Құлан» бағдарламасы бойынша 375 бас жылқы алу межесі 390 басқа (104,0%) орындалды. Аудан көлемінде 165 бірлік мал бордақылау алаңдарын құрылып, тапсырма (163 бірлік) 101,2% орындалса, 29 бірлік шағын жанұялық фермалар құрылып, тапсырма (25 бірлік) 116% орындалды. Ірі қара 39645 басты (124,8%), қой 183060 басты (102,5%), ешкі 8614 басты (101,2%), жылқы 8163 басты (132,8%),түйе 2373 басты (108,1%), құстар 36848 басты (94,2%) құрады. Ағымдағы жылдың 9 айында 4219,5 тонна ет (100,2%), 14602,6 тонна сүт (101,5%), өндірілсе, 2031,7 мың дана жұмыртқа (105,0%) алынды.
Ұқсас жаңалықтар
Шардарада іске қосылған компрессорлық газ станциясы әлемдік өндірушілердің заманауи жабдықтармен жасақталған
Қазақстан-Қытай газ құбырының «С» тармағында жаңа компрессорлық станция жетекші әлемдік өндірушілердің заманауи жабдықтармен жасақталған. «Rolls Royce» компаниясының газ айдаушы агрегаттары орнатылған. Компрессорлық станцияның жобалық қуаты сағатына 516 мың текше метр газ айдауға арналған. Сонымен қатар, пайдаланылған […]
Шардара ауданында 11 елдімекен газға қосылады
Бұл туралы Шардара ауданының әкімі Болатбек Қыстауов мәлім етті, деп хабарлайды Күнгей.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. – Ауданымызда бүгінгі таңда газдандыру жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр. Қазірге дейін аудан бойынша Ұзын ата және Алатау батыр ауылдары, немесе аудан […]
Шымкентте үш айда 4,9 миллиард теңгенің ауылшаруашылық өнімдері өндірілген
Шымкент қаласында 4,9 миллиард теңгенің ауылшаруашылық өнімдері өндірілді. Биылғы жылдың үш айында жалпы ауылшаруашылығы өнімінің көлемі 4,9 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 107,7 пайызды құрады. Атап атар болсақ, мал шаруашылығы 8,9 %, ет өнімі […]
Пікір қалдыру