Шардара ауданында биылғы жылдың есепті мерзімінде 18962,6 млн. теңгенің ауылшарушылығы өнімдері өндіріліп, НКИ 107,1 % құраған. Сонымен қатар, осы жылы аудандағы 64000 гектар суармалы жердің 59300 гектарына ауылшаруашылығы дақылдары егілді. «Даму бағдарламасының» жоспарына сәйкес, 700 гектар егістік жерге тамшылатып суғару әдісін ендіру тапсырмасы 711 га немесе 101,6 пайызға, 5 га жерге жылыжай салу тапсырмасы 6,05 га немесе 121 пайызға орындалды. 2018 жылдың бекітілген жоспарына сәйкес, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1050 бас ірі қара мал алу жоспарланып, нақты 1470 бас ірі қара мал (140%), «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2770 бас уақ мал алу тапсырмасы 3350 басқа (120,9%), «Құлан» бағдарламасы бойынша 375 бас жылқы алу межесі 390 басқа (104,0%) орындалды. Аудан көлемінде 165 бірлік мал бордақылау алаңдарын құрылып, тапсырма (163 бірлік) 101,2% орындалса, 29 бірлік шағын жанұялық фермалар құрылып, тапсырма (25 бірлік) 116% орындалды. Ірі қара 39645 басты (124,8%), қой 183060 басты (102,5%), ешкі 8614 басты (101,2%), жылқы 8163 басты (132,8%),түйе 2373 басты (108,1%), құстар 36848 басты (94,2%) құрады. Ағымдағы жылдың 9 айында 4219,5 тонна ет (100,2%), 14602,6 тонна сүт (101,5%), өндірілсе, 2031,7 мың дана жұмыртқа (105,0%) алынды.
Ұқсас жаңалықтар
Шардарада биыл ауылшаруашылығы зиянкестеріне қарсы жұмыстар жоғарғы дңгейде жүргізілген
Шардара ауданында биылғы жылы ауылшаруашылғы зиянкестеріне қарсы күрес өте жоғары деңгейде жүргізілді. Естеріңізде болса, 2016 жылы күрт көбейіп шыға келген шегіртке аудандағы 337,2 гектар алқапты жайпап өтіп, шаруаларға 10 млн 483 550 мың теңгенің шығынын […]
Созақтағы суармалы жер көлемі 5156 гектарға жетті
Созақ ауданында сеепті мерзімде ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 6 млрд. 569 млн. 400 мың теңге болып, өткен 2016 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 740 млн. 600 мың теңгеге немесе 112,9 пайызға артығымен орындалып, нақты […]
Ө.ШӨКЕЕВ: Шардараны дамытуға күш саламыз
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев күрделі жөндеуден өткен Шардара қаласындағы көпқабатты үйлердің тұрғындарымен кездесті. Облыс әкімі жиналған жұртқа аудандағы бірқатар күрделі мәселенің түйінін тарқатып айтты. «Тұрғын үй-қорын жаңғырту» бағдарламасы аясында кондоминиум құрылып, тұтастай жаңарған үйлердің […]
Пікір қалдыру