Шардара ауданында медициналық қызметтің сапасын жақсарту мақсатында денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамыту жөнінде перспективалық жобалар іске асуда. Сметалық құны 1600 млн.теңгеге қала орталығында аудандық емханаға қосымша 150 адамды қабылдауға арналған ғимарат және жедел жәрдем бөлімінің ғимаратын құрылысы жүргізілуде. Нысан 2019 жылға өтпелі. Сонымен қатар, республикалық бюджет есебінен халық көп шоғырланған шалғай елді мекендерде медициналық көмекті жедел түрде көрсету мақсатында 390,0 млн.теңгеге 13 жаңа үлгідегі замануи модульдық медициналық пункттер салынды. Бұдан бөлек, облыстық бюджеттен 2018 жылға 8 нысанға күрделі жөндеу жүргізу мақсатында құжаттары толығымен дайындалып мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Бүгінгі таңға 4 нысанға (Қызылқұм дәрігерлік емханасы, Ұзын-ата дәрігерлік емханасы, Жаушықұм дәрігерлік емханасы, Шардара дәрігерлік емханасы) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Күрделі жөндеу жұмыстары 2018 жылдың қараша айында аяқталады. Ал, қалған 4 нысанды (Қоссейт дәрігерлік емханасы, Аудандық емхана, Әйелдер кеңесі, Төменгі тоғай медициналық пункті) күрделі жөндеуден өткізу 2019 жылға жоспарланып отыр. Есепті мерзімде өткір ішек ауруы 5 фактіге (2017 ж. 9 ай-24 факті), сарып ауруы 5 фактіге (2017 ж.9 ай-14 факті), туберкулез ауруы 13 фактіге (2017 ж. 9 ай 44 факті) азайған.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-ның бас экономисті бюджет қаржысының қай бағыттарға бөлінетінін айтып берді
Оңтүстік Қазақстан облысының 2017-2019 жылдарға арналған өңірлік бюджетті нақтылау бойынша баяндама жасаған экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы А.Сабитов өңір бюджетінің қандай бағыттарға бөлініп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, жалпы бөлінген қаржының 1 млрд 189 млн […]
Шардаралықтар «Алтын күз» мерекесін атап өтті
Шардара қаласында ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің «Алтын күз» мерекесі өткізілді. Таң азанымен ауылдық округтерден келген шаруа қожалық иелері өздері өндірген өнімдерін базар нарқынан төмен бағада қала тұрғындарына ұсынды. Жәрмеңкеге келген халық күріштің бір келісін 150 теңгеден, асқабақтың […]
Шардаралық шаруалар мал басын асылдандыруды мақсат тұтып отыр
Бүгінгі күні Түркістан облысы, Шардара ауданында жайылымдық жер көп емес. Сондықтан мұнда мал басын көбейткеннен гөрі асылдандырып, бордақылаған тиімді. Қазірдің өзінде ауданда 160-тан аса шағын мал бордақылау алаңы жұмыс істейтінін айта кету қажет. – Биыл […]
Пікір қалдыру