Шардара ауданында медициналық қызметтің сапасын жақсарту мақсатында денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамыту жөнінде перспективалық жобалар іске асуда. Сметалық құны 1600 млн.теңгеге қала орталығында аудандық емханаға қосымша 150 адамды қабылдауға арналған ғимарат және жедел жәрдем бөлімінің ғимаратын құрылысы жүргізілуде. Нысан 2019 жылға өтпелі. Сонымен қатар, республикалық бюджет есебінен халық көп шоғырланған шалғай елді мекендерде медициналық көмекті жедел түрде көрсету мақсатында 390,0 млн.теңгеге 13 жаңа үлгідегі замануи модульдық медициналық пункттер салынды. Бұдан бөлек, облыстық бюджеттен 2018 жылға 8 нысанға күрделі жөндеу жүргізу мақсатында құжаттары толығымен дайындалып мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Бүгінгі таңға 4 нысанға (Қызылқұм дәрігерлік емханасы, Ұзын-ата дәрігерлік емханасы, Жаушықұм дәрігерлік емханасы, Шардара дәрігерлік емханасы) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Күрделі жөндеу жұмыстары 2018 жылдың қараша айында аяқталады. Ал, қалған 4 нысанды (Қоссейт дәрігерлік емханасы, Аудандық емхана, Әйелдер кеңесі, Төменгі тоғай медициналық пункті) күрделі жөндеуден өткізу 2019 жылға жоспарланып отыр. Есепті мерзімде өткір ішек ауруы 5 фактіге (2017 ж. 9 ай-24 факті), сарып ауруы 5 фактіге (2017 ж.9 ай-14 факті), туберкулез ауруы 13 фактіге (2017 ж. 9 ай 44 факті) азайған.
Ұқсас жаңалықтар
Шардарада «Қамқорлық» бағдарламасы аясында 9 отбасыға баспана беріледі
Бүгінде «Қамқорлық» бағдарламасы аясында Шардара ауданында күнкөрісі төмен отбасыларға берілетін көмектің іс-шара жоспары бекітілген. Ауданда 58 отбасы бүгінгі таңда өмірлік қиын жағдайға түскендігі анықталып отыр. Ол отбасылардың бәріне де демеушілер есебінен 734 200 теңге көлемінде […]
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «SAFARI SHARDARA» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Шардара ауданы «Аққала» демалыс аймағының жағалауында алғаш рет «SAFARI SHARDARA» атты фестиваль өтті. Айтулы шарада өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған көрме ұйымдастырылды. Фестиваль балық аулаушылар жарысымен басталды. Кейін халықаралық деңгейдегі сайыстарға ұласып, бір сәтте бірнеше […]
Ө.ШӨКЕЕВ: Шардараны дамытуға күш саламыз
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев күрделі жөндеуден өткен Шардара қаласындағы көпқабатты үйлердің тұрғындарымен кездесті. Облыс әкімі жиналған жұртқа аудандағы бірқатар күрделі мәселенің түйінін тарқатып айтты. «Тұрғын үй-қорын жаңғырту» бағдарламасы аясында кондоминиум құрылып, тұтастай жаңарған үйлердің […]
Пікір қалдыру