Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен аппарат мәжілісінің кеңейтілген отырысында бірнеше маңызды мәселелер қаралды. Күн тәртібінде алдымен Арыс қаласында атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары мен мен жол, кәріз жүйелерінің жаңаруы жайлы соңғы мәліметтер мен 2020 жылдан бастап елімізде енгізілетін атаулы әлеуметтік көмекті төлеудің жаңа тәсілдері талқыланды. Сондай –ақ, Түркістан қаласын көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары барысы бандалды. Арыс қаласында атқарылып жатқан құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталуға сатысында тұр, делінді мәжіліс барысында. Сектор жетекшілерінің баяндауынша, құрылыс нысандары ауқымды Нұр – Сұлтан және Шымкент қалалары көштен қалып келеді. Елордалық құрылысшылар мойнына алған 1167 пәтерге күрделі жөндеу жүргізілсе, үш көпқабатты үйдегі 287 пәтер жаңадан салынуда. Бұл аймақтарға қарайтын үйлердің құрылысы мен ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жалғасуда. Құжаттардың қаржы министрлігінде мақұлдануы мәселесі де кезең – кезеңмен жүріп жатыр. Түркістан қаласы жасыл желектендіру жұмыстары бойынша Арыс тәжірибесі негізінде 16 секторға бөлінген.
Ұқсас жаңалықтар
Арыстағы жарылыс: Қаланың бүгінгі көрінісі қандай?
Маусымның 24 күні орын алған күшті жарылстардан кейін Арыс қаласына кірер жолдарды полицейлер мен әскерилер жапқан. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жолдарға бірнеше бекеттер орнатып, арыстықтарды шаһарға кіргізбей тұр. Ал, Арыстан шығып жатқан көліктердің жүк салғышын […]
Түркістан: Жастар практикасына 4500 түлек қатысты
Түркістан облысында төрт жарым мыңнан астам түлек жастар практикасына қатысты. Түркістан облысында биыл 6500 адамды жастар практикасына жолдау жоспарланған. Тамыз айының 1-не дейін 1360 кәсіпорынға 4571 азамат (70,3%) жолданса, оның 800-і мерзімін аяқтаған, ал 117-сі […]
Түркістан облысында 3 айда 10 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды
Мамыр айынан бастап Түркістан облысында 460 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда. Жұмыспен қамту орталығы екі қолға бір күрек таппай жүрген азаматтарға көмектесуге дайын. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде қолға алынған жоба аясында 11 мыңнан астам жаңа […]
Пікір қалдыру