ОҚМУ-да «Ұлы жеңістің 75 жылдығына – 75 игі шара» марафонының салтанатты ашылу рәсімі өтті

 

Ұлы Жеңіске 75 жыл толуына орай М.Әуезов атындағы ОҚМУ «75 күн – 75 игі іс» атты марафон өткізуді жоспарланған болатын. Жоғары оқу орны 75 күн бойы фото-плакат көрмелері, арнайы сайыстар, тәлімгерлік сағаттары, дөңгелек үстелдер, кітап, мақала басып шығару секілді шаралармен жалғасын табады.

Шараның мақсаты – Жеңіс мерекесінің мәні мен маңызын, студент жастардың бойына сіңіру. Әрі өскелең ұрпақты Отан сүйгіштікке, батырлыққа тәрбиелеу, ерлікке тағзым етуге шақыру. Шараға қатысқан Ұлы отан соғысының ардагері Әлімбек Тегісбайұлы мұндай нәубәт заманды келешек ұрпақтың көрмеуін тіледі. Майдандағы қарулас достарын еске алып, соғыс жылдарынан сыр шертті. Айта кетейік, Шымкент қаласында қазір 40 Ұлы Отан соғысы ардагерінің көзі тірі. Сондай-ақ жиынға Мұхан Омаров, Шерім Медеуов сынды тыл ардагерлері де қатысып, сол бір жылдардың естеліктерін жастарға жеткізді. Ұлы Жеңіс мерекесі адамзат аңсап жеткен жеңістің туын тіккен күн. Ұлы отан соғысы кезінде Қазақстаннан барған әскерлер майдан даласында ерлікпен шайқасты. Соғыс жылдары кеңес әскері қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылды. Оның 601 мыңы туған жерге оралған жоқ. 100 000-нан астам отандасымыз жауынгерлік ерліктері үшін марапатталды. Ұлы Отан соғысы уақытында еліміздегі көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығарды. Ал жауға атылған он оқтың тоғызы еліміздегі Шымкент қорғасын зауытында құйылды. Еңбеккерлер «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен жеңіс үшін тер төкті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*