Коронавирус инфекциясының кең таралмауына және қауіпті індеттің алдын алу мақсатында Шымкент қаласында 16 аумақ оқшауланды. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқшауланған аумақтарда 163 полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Медицина мамандары да тәулік бойы қызмет атқаруда. Ошақтарда науқастардың тұрғылықты жері бойынша дезинфекция жүргізіліп, үздіксіз эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізілуде.
Оқшауланған мекенжайларға тоқталсақ, олар:
1.Жұқпалы аурулар ауруханасы;
2.«Атамекен» медициналық орталығы;
3.«Мейірім» оңалту орталығы;
4.№2 қалалық ауруханасы (Медикус);
5.Психикалық сауықтыру орталығы;
6.«Жаңаталап» шағынауданы;
7.«Самал-1» шағынауданы, Тайманов көшесі 14 үй;
8.Мақталы 120 үй;
9.Желтоқсан 3а үй;
10.8 шағынаудан, 53 үй;
11.Төреқұлов көшесі 204 үй;
12.«Солтүстік-батыс» шағынауданы (Ұшқиян 644);
13.«Асар-2» шағынауданы Шаттық-74;
14.«Қайтпас-1» шағынауданы, Алтай көшесі 15 үй;
15.Сайрам ауылы Әл-Фараби көшесі 25 үй;
16. «Сәуле» шағынауданы, Жастар, Бәйдібек ата, Ғ. Мұратбаев, Баянауыл, Көктөбе көшелері.
Айта кетсек, қазіргі таңда Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының жалпы 31 жағдайы тіркелген.
Шымкент қаласында жұмыс істеп жатқан автомектептердің 40 пайызы онлайн форматқа көшті. Соңғы берілген 2ГИС компаниясының мәліметтері бойынша еліміздің үшінші мегаполисінде тұратын 30 автомектеп тіркелген. Олардың арасында 12-сі ғана карантин кезеңінде онлайн режимінде жұмыс істеуді жалғастырған. […]
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Өзбекстан Республикасымен тікелей келісімінің нәтижесінде көрші елден 142 мың қорап дәрі-дәрмек келді. Олардың арасында аскорбин қышқылы мен дексаметозон және гепарин сынды препараттар бар. Бүгін бұл науқастарға аса қажетті дәрілер […]
Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Науқас 1964 жылы дүниеге келген, ол Түркістан облысы Мақтарал ауданы Атакент елдімекенінің тұрғыны. Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова “Хабар24” арнасының тікелей […]
Пікір қалдыру