Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағындағы елдімекендердің тұрғындарына шомылу маусымында басты қаперге ұстар қауіпсіздік шаралары түсіндірілді. Жыл сайын шомылу маусымы кезінде талай адам суға кетіп, аяқ астынан қайғылы жағдай орын алып жатады. Осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында Қаратау ауданы әкімдігі мен аудандық төтенше жағдай бөлімі және жергілікті полиция өкілдері бірлесіп, шомылу маусымындағы қауіпсіздікті сақтау шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ең алдымен құзырлы мекемелердің мамандарынан құрылған топ алдымен Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы көл маңында орналасқан тұрғын үйлерге арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, үгіт-насихат қағаздарын таратты. Айта кету керек, тек ересектер мен балалар да рұқсат етілген аймақтарда ғана шомылу керек. Мамандар әсіресе, жас балалардың ата-ана қадағалауынсыз ағын суға шомылуға болмайтынын айтып ескертіп жүр. Құзырлы мекемелердің қызметкерлерінен құрылған топ шомылу маусымы кезінде ата-аналарды сақ болуға шақырады. Су көздеріне барғанда балаларға бас-көз болуды, барынша қадағалау қажеттігін айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Көп балалы аналар Шымкент қаласы әкімдігі алдына жиналды
Көп балалы аналар Шымкент қаласы әкімдігінің алдына жиналды, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі ERNUR.KZ сайтына сілтеме жасап. Көптеген жылдан бері Достық шағын ауданында тұратын Гүлзира Садықованың 5 баласы бар. Оның біреуі тума мүгедек екен. Айтуынша, […]
Шымкентте өнерпаздар аула аралап мерекелік концерт өткізді
Шымкент қаласының өнерпаздары Ұлы Жеңістің 75 жылдығы құрметіне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арнап тосынсый ұйымдастырды. Нақтырақ айтқанда, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын аралап майдангер қарттарға арнап мерекелік концерт өткізді. Бұл Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту […]
Шымкент: Жаңа қоқыс жәшіктері орнатыла бастады
Шымкент қаласында жаңа қоқыс тастау орындары салынып жәшіктер орнатыла бастады. Еліміздің үшінші мегаполисінде қоқыс шығару жұмысына жаңарту енгізу туралы қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Жоғарғы және Төменгі Отырар шағын ауданы мен Түркістан көшесінде қоқыс шығару қызметіне жаңартулар […]
Пікір қалдыру