Шымкент қаласы мәслихатының алпыс бесінші сессиясы өтті. Бүгін қаладағы карантин жағдайына байланысты алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының алпыс бесінші сессиясы онлайн режимде өтті. Күн тәртібінде жиырма алты мәселе қаралды.
Нақтырақ айтар болсақ, сессия барысында қала әкімдігінің 2019 жылғы бюджетінің атқарылған есебі тыңдалды. Сондай ақ қалалық бюджетке өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына орай Шымкенттегі қоғамдық көліктердің қызметін жақсарту мақсатында бағаларды саралау мәселесі де қаралды. Енді қала тұрғындары жаңа жүйеге сәйкес қоғамдық көлікте жолақысын электронды төлеген жағдайда 70 теңге төлейді. Ал қолма қол, яғни нақты ақшалай болса 100 теңге төлейтін болады.
Бұдан бөлек, шаһардағы төрт аудан әкімдерінің атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жағдайы сөз болғанын айта кеткен жөн. Шымкент қаласы мәслихатының алпыс бесінші сессиясында қаралған мәселелердің орындалу барысы қала басшылығының назарында болмақ.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру