ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАНЫҢ КӨКСУ АУЫЛЫНДА ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Шардара ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен, Көксу ауылының тұрғындары мен кәсіпкер Дархан Жамбаевтың демеушілігімен заманауи жабық футбол алаңы мен жапсарлас балалар алаңшасы ашылды.
Салтанатты ашылу шарасына аудан әкімі Арман Қарсыбаев арнайы қатысып, қуанышты бөлісті.
«Құрметті, Көксу ауылының тұрғындары мен демеуші азаматтар, баршаңызға жаңа спорт алаңының ашылуына қомақты үлес қосқандарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Бұл нысан ең алдымен жастарымыздың салауатты өмір салтын ұстанулары үшін үлкен пайдасын тигізері сөзсіз. Бұл жерден елімізді әлемге танытатын чемпиондар шыға берсін. Тағы да қасиетті мерекемен бірге ашылып жатқан спорт алаңы мен балалар алаңшасы құтты болсын»,- деді Арман Романұлы.
Сондай-ақ, шараға келген өзге де қонақтар өз тілектерін айтып, демеушілік танытып, бастама болған бірқатар азаматтар аудан әкімінің Алғыс хатына ие болып, жас спортшыларға спорттық жабдықтар үлестірілді.
 Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*