Елімізде баспана мәселесі көптің уайымына айналғагны рас. Десек те, жаңа қанатын жайған жас қала бұл бағытта артта емес. Түркістан қаласы халықты баспанамен қамту бағытында елімізде алдыңғы қатарда. Облыс орталығында соңғы 5 жылда тұрғын үй кезегінде тұрған 2558 азамат баспаналы болды. Жаңа шағынаудандар пайда болып, тозығы жеткен тұрғын үйлер ретке келтірілді.
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жыл соңына дейін жалпы аумағы 185 мың м2 құрайтын 55 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Нәтижесінде 3140 отбасы баспаналы болады. 5 жылда құрылыс көлемі 2,5 есеге өсіп, 351 млрд. теңгені құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 2 есеге көбейіп, 864 мың шаршы метрге жетті. 5 жылда Түркістан облысында 4500-ге жуық отбасы коммуналдық баспанамен қамтылды. «7-20-25» бағдарламасы және «Отбасы банк» арқылы 5000-нан астам отбасы әлеуметтік кредиттік үй сатып алды.
Жалға алған баспана ақысын субсидиялау бағдарламасымен (50%) 2000-нан астам отбасы қамтылды. 221 көппәтерлі үйге күрделі жөндеу жүргізілді.
Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында 5,7,9,12 жəне 20 қабатты 60 тұрғын үй салу (5 қабатты тұрғын үйлер) жоспарланған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын «ЕвроРемонтСервис» ЖШС, «Жаңа арна құрылыс» ЖШС, «Sy
Облыс орталығына айналған Түркістанда 5 жыл ішінде заманауи нысандар бой көтеріп, Түркістанмен бірге дамыту көзделген.
Түркістан облысы Жетісай ауданындағы Қоғалы елдімекенінің тұрғындары төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне белсеніп көмектесіп жүр. Аталған ауылда 186 үй орналасқан. Мұнда 1400 тұрғын бар. Көршілес Мақтаарал ауданындағы су басып қалған ауылдар жайындағы хабарлардан кейін Қоғалының көп […]
Жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға арналған «Елбасы Медалі» жобасы басталды. Бағдарлама негізгі 7 бағыттан тұрады. Олар: спорт, дарындылық пен дағдыны дамыту, кітап оқу, волонтерлік, ұлттық мұра, туристік және жұмыс тәжірибесі. Бағдарлама 14 пен 29 жас […]
Түркістан облысында ауыз су саласына 2023 жылы 70 нысанның құрылысына бюджеттен 18,6 млрд. теңге бөлініп, 36 нысан құрылысы аяқталды, қалған 34 нысан 2024 жылға өтпелі болды. Нәтижесінде 20 елді мекен ауыз сумен қамтылды, 9 елді […]
Пікір қалдыру