ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

Түркістан облысы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан, Қазақстан Республикасының индустриялық-аграрлық дамыған өңірлерінің бірі болып табылады. Түркістан облысы елеулі өндірістік-экономикалық әлеуетке ие. Өсімі мен өнісі мол өнеркәсіпте қауіпіздікті де ұмытпайымыз қажет.

Түркістан  облысы аумағында департаменттің қадағалауында жалпы саны 9 271 қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын 499 жеке кәсіпкерлік мекеме бар. Одан бөлек, департамент 6 өнеркәсіп саласы мен 9 қызмет түрлерінің қауіпті өндірістік аймақтарына бақылау, қадағалау жұмыстарын жүргізеді.

-Өткен жылдың қорытындысымен департамент 42 профилактикалық бақылау жүргізді. Жоспардан тыс 8 тексеру жұмыстары қолға алынды. Бақылау барысында жалпы 1 482 мекеме тексерілген. Оның ішінде 1 054 орында талаптар сақталмаған. Бақылау және қадағалау барысында есептік кезеңде 5 әкімшілік іс өндірісі қозғалып, үш заңды тұлғаға 396 750 теңге айыппұл салынып толығымен өндірілді. Департаменттің негізгі функцияларының бірі — мемлекеттік қызметтерді көрсету. Осы ретте 2023 жылы барлығы 701 қызмет көрсетілді,- деді басқарма басшысы.
Сонымен қатар, профилактикалық бақылау жүргізу кезінде 7 бірлік қауіпті техникалық құрылғылар тоқтатылып, сотқа талап-арыз жолданған. Бұдан бөлек, қауіпті өндірістік объектілерді техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі жиынтық жоспарға сәйкес, 155 техникалық құрылғылар ауыстырылды.
Айта кетейік, облыс Бұл Қазақстанның еңбек ресурстары көп өңірлерінің бірі. Өңір барит, көмір, темір және полиметалл кені, бентонитовые глины, вермикулит, тальк, әктас, гранит, мәрмәр, гипс, кварц құм сияқты пайдалы қазбаларға бай. Уран қоры бойынша облыс бірінші орында, фосфорит және темір кені бойынша – Қазақстанда үшінші орында. Облыста ауыл шаруашылығына ерекше көңіл бөлінеді. Бұнда мақта, жүгері, темекі, күнбағыс, жемістер мен көкөністер өсіріледі, былғары шикізаты мен қаракөл терісі өндіріледі.  Қазақстан Республикасының өнеркәсіп құрылымында 2023 жылғы қаңтар-тамызда Түркістан облысының үлесі өткен жығы осы кезеңмен салыстырғанда 4,7% өсіп 2% немесе 600,8 млрд теңгені құрады және ел ішінде 17 орынға ие болды. Көрсеткіштің өсуі негізінен өңдеу өнеркәсібі өнімі өндірісінің өсуіне байланысты, соның ішінде, жеңіл өнеркәсіп, металл емес минералды өнім өндірісі, машина жасау, кокс және мұнай өңдеу өнімдері өндірісі, сондай-ақ, электр энергиясы, газ, бу, ыстық су және желдеткіш ауамен жабдықтау.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*