Жұмыс аптасы барысында Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов Атамекен ауылдық округінің Жемісті елді мекеніндегі құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатқан «Қазыбек би» атындағы №67 жалпы білім беру мектебінде болды. Атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып, ауыл билерімен, мердігер мекеме өкілдерімен тілдесті.
200 орынға есептелген білім ұясында бүгінде 42 мұғалім 361 оқушыға білім береді. 23 сынып комплектісі бар. Оқу жүйесі 2 ауысымда жүргізіледі.
«Construction Group «SAMRUK» ЖШС өкілінің айтуынша 2012-жылы қолданысқа берілген аталмыш мектептің құрылыс-монтаж жұмыстарына 100-ге тарта жұмысшы жұмылдырылып, тамыз айының соңына тәмамдауды жоспарлап отырғандарын айтады.
Жалпы құны 453 858 910 теңгені құрайтын жобаның құрылыс жұмыстарын аралап көрген аудан әкімі жауапты сала басшыларына жұмыстың сапасын қатаң бақылауға алуды және жоспарланған жұмыстарды мерзімінен кешіктірмей аяқтауды тапсырды.
«Құрылыс жұмыстарының, қолданылып жатқан материалдың сапасына ерекше мән беру керек. Өйткені, бұл жерде елдің перзенттері, болашағымыздың иелері білім алатын болады. Кез-келген немқұрайлылықтың салдары ауыр болуы мүмкін. Сондықтан, жауапкершіліктің жүгін сезінулеріңіз керек. Мектеп жаңа оқу жылында іске қосылатын болсын» деді Серік Үсенұлы.
Сонымен қатар, аудан басшысы Жемісті елді мекенінде қазығы қағылған фельдшерлік-акушерлік пунктте де болды. Ауыл билері мен ақсақалдарға құрылыс сапасы мен барысын бақылау керектігін айтып, кез-келген кемшілік анықталған жағдайда әкімдікке хабарласуға болатынын жеткізді.
Жетісай ауданы тұрғындарының түрлi тақырыптағы арыз-шағымдарына партия атынан қандай да бiр көмек көрсету, мәселелерiнiң шешiлуiне мүмкiндiгiнше ықпал ету мақсатында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары Қырықбаев Темір Базарбайұлы мен Байтілесов Нұрсұлтан Төленұлы «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық […]
Жыл басынан бері тұрғындарға 167 әлеуметтік тұрғын үйдің кілтін табысталған ауданымызда жыл соңына дейін тағы 90 пәтердің кілтін тапсыру жоспарланып отыр. Нақтырақ айтар болсақ, бүгінде Асықата кентінде 3 қабатты 54 пәтерлі, Қазыбек би ауылдық округі […]
Шымкент қаласында Рысқұлов пен Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайырық құрылысының бірінші кезеңі аяқталды. 20 қаңтарда ірі жолайырық құрылысының екінші кезеңі басталады. Бұл кезеңде жол жабынын бұзу, инженерлік желілерді ауыстыру, тіреу қабырғаларын бетондау, жол өтпесін және […]
Пікір қалдыру