ШЫМКЕНТТІК БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТАР «ТАЗА БЕЙСЕНБІ» ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

«Таза бейсенбі» экологиялық акциясының кезекті шарасы Еңбекші ауданы Жібек жолы бойындағы аулалардың бірінде ұйымдастырылды. Оған “Amanat” партиясы Шымкент қалалық, аудандық филиалдарының қызметкерлері, Жастар рухының, қоғамдық бірлестіктер мен әкімшілік өкілдері және еріктілер атсалысты. Жалпы тазалық акциясына 100-ге жуық адам жұмылдырылды.
Акция аясында көпқабатты тұрғын үй аулаларында бейберекет өскен шөптер орылып, қураған бұтақтар мен қоқыстардан тазартылды. Сондай-ақ, су арналарындағы тұрмыстық қалдықтартар да шығарылды.
Айта кетсек, «Таза бейсенбі» шарасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткізілді. Бұл шара маусым айынан бері әр бейсенбіде ұйымдастырылып келеді. Бүгінге дейін 3 мыңға тарта адам жұмылдырылып, 20 тоннаға жуық қоқыс шығарылған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*