Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Жетісай ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-87 «Кетебай-Қараөзек-Атамекен» автомобиль жолынының 15,5 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жолдың жөндеу жұмыстары Атамекен елді мекенінен басталған.
Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан жолдың ескірген асфальт жабыны алынып, тегістеу жұмыстары жүріп жатыр. Сметалық құжаттамаға сәйкес, 2 қабат асфальтобетон жабынын салу және ескірген су өткізгіш құбырларды ауыстыру, таңбалау, аяқжол салу жұмыстары қаралған. Нысан 2025 жылға өтпелі.
Ал, «Ауыл – Ел бесігі» бағдардамасы аясында республикалық және облыстық қазынадан қаралған 1 млрд 282 млн 841 мың теңгеге Ә.Оспанов, Құрбан ата, Сырабат, Сәтпаев, Ералиев, Ынтымақ елді мекендеріндегі жалпы ұзындығы 42,1 шақырымды құрайтын 50 көше, жергілікті бюджеттен бөлінген 539 млн теңгеге Жетісай қаласы мен Атамекен, Абай елді мекендеріндегі 17,17 шақырымды құрайтын 15 көше асфальтталады. Одан бөлек, 55,8 млн теңгеге жалпы ұзындығы 8,44 шақырымды құрайтын 15 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізіледі.
Өткен жылы аудандық және қаланың IV деңгейлі бюджеті есебінен жалпы ұзындығы 18,08 шақырымды құрайтын 31 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қала көшелерінің жақсы және қанағаттанарлық деңгейін 71,6 пайызға жеткізілсе, биылғы жылы аудандық қазынадан қаралған қаржы есебінен жалпы ұзындығы 2,4 шақырымды құрайтын 9 көшеге асфальт төселген. Алдағы күндері қаланың IV деңгейлі бюджетінен ұзындығы 5,27 шақырым тағы 5 көшеге орта жөндеу жүргізіліп, шаһардың жақсы және қанағаттанарлық деңгейін 77,9 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.
Түркістан қаласындағы «Rixos Turkistan» қонақүйінде бүгін «CYBER QURYLTAI: Түркістандағы қауіпсіздік оазисі» атты ақпараттық қауіпсіздік пен кибермәдениетті дамытуға арналған ірі форум ашылды. Бұл шараға еліміздің әр өңірінен 80-ге жуық сала мамандары, сарапшылар мен IT-құрылым өкілдері жиналып, […]
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасымен бүгінде үрдіске айналған сенбілік жұмыстары ауданның көркеюіне өзіндік үлесін қосуда. Бүгін аудандағы қала, кент, барлық ауылдық округтерде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында өткен сенбілік жұмыстарына мемлекеттік және квазимемлекеттік […]
Түркістан облысында, әсіресе, облыс орталығында бой көтеріп жатқан нысандардың сәулеті қала кейіпіне сай болуы тиіс. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында айтылды. Жиын барысында облыстағы сәулеттік жобалар жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, әкімшілік-іскерлік […]
Пікір қалдыру