Түркістан облысында жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды. Бұл мәселе облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қадағалуында тұр. Бұл ретте Сауран ауданында да жұмыстар жүріп жатыр.Сауран ауданындағы Майдантал ауылдық округіне қарасты Қаражон, Ынталы елді мекендеріндегі 7 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осы уақытқа дейін бұл мәселе ауыл тұрғындары тарапынан бірнеше рет көтерілген. Аудан басшысы Мақсат Таңғатаров жөндеу жұмыстарын арнайы барып қадағалады.
Бүгінде Майдантал ауыл округінің Қаражон, Ынталы елді мекендеріндегі Төрткүл, Ақсарай, Құсшы ата, Ақсай, Б.Момышұлы, Т.Рысқұлов, І.Жансүгіров көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 12,56 шақырымды құрайтын көшелер «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында «Altai Building LTD» ЖШС мекемесі тарапынан атқарылуда.
Сауран ауданында аудандық маңызы бар жолдар 119 шақырым және елді мекен жолдары 731 шақырымды құрайды. Олар 65 пайыз асфальттанған.2023 жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 28 көшеге 23 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, ағымдағы жылы 26 көшеге яғни, 58,6 шақырымға асфальт жол салынады.Сонымен қатар, 72 шақырым тас төсеу жұмыстары атқарылып, 2024 жылы 48 шақырым жолға топырақ жолға тас төселеді. Елді мекендерде аяқжол салу қажет ететін 24 шақырым аяқжолдың 9 шақырымы ағымдағы жылы, қалған 15 шақырымы 2025 жылға жоспарланған.
2 ауылдық округте жалпы 97 көпір бар. Оның ішінде, 5 көпірді 2023 жылы, 2024 жылы 10 көпірді, 2025 жылға 24 көпірді жөндеу жоспарлануда. Қоғамдық көліктер бойынша аудан тарапынан ауданішілік жолаушылар тысамалына 6 бағыт жоспарланып, 3 бағыт бойынша қызмет көрсетілуде.
Айта кетейік, Түркістан облысында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 459 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 723,1 шақырым болса, облыстық маңызы бар жолдар 3 983,3 шақырымды, аудандық маңызы бар жолдар 1 725,7 шақырымды, елді мекен ішіндегі көшелер 11025,7 шақырымды құрайды.
Төлеби ауданында жыл бойы туристік қызмет көрсететін халықаралық деңгейдегі тау шаңғы курортының құрылысы жүргізіліп жатыр. «Қасқасу туристік-рекреациялық кешенінің» аумағында бірнеше қонақ үйлер, мейрамханалар, арқан жолы мен бассейн салу жоспарланған. Жоба бойынша шаңғы трассасының биіктігі 1880-3155 […]
Короновирус пандемиясы кезінде індеттің тырнағына ілігіп көз жұмған Түркістан облысының дәрігерлерінің отбасыларына жәрдемақы төленеді. Облыс бойынша COVID-19 инфекциясын 132 медицина қызметкері жұқтырған болса, оның 24 емделіп шықты. Ал пневмония дертінен өкінішке қарай, облыста 5 дәрігер […]
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Астана қаласына арнайы іссапармен барды. Онда «Sovico Group» компаниясының басқарма төрағасы Нгуен Тхан Хунг мырзамен және компания делегациясымен кездесу өтті. Кездесу барысында Түркістан облысының әкімдігі мен «Sovico Group» […]
Пікір қалдыру