Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Қарақай ауылдық округі, Кетебай ауылындағы «Кетебай» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі сонау 1996 жылы құрылған. 2016 жылы «Нұр-Кетебай» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі болып қайта тіркеліпті. Бүгінде Сәду Бекеновтың төрағалық етіп отырған кооперативтің 242 мүшесі бар. Иә, 21 жылдан бері бірігіп жұмыс жүргізіп жатқан шаруалар қазірде 1125 гектар жерді игеріп отыр. Кооперативтегі жұмысшылардың орташа жалақысы 50 мың теңгені құрайды. Негізінен мақта шаруашылығымен және тұқымдық шит шаруашылығымен айналысатын ынтымағы зор «Нұр-Кетебай»-дың жұмысында береке бар. Себебі, бүгінде олар тек егістік егіп қоймай, сол егіс жұмыстарына қажетті ауылшаруашылығы зиянкестеріне қарсы күресетін биолабораториясы, тұқымдық мақта шитін тазалайтын, іріктейтін, дәрілейтін тұқым цехтарын ашып алған.Сонымен қатар, қуаты 100 тракторға есептелінген орталық жөндеу шеберханасы, жанар-жағармай қоймасы бар. Мұнан өзге, құрылыс бригадасы, 9 мақта бригадасы, мақта қабылдау пункті мен орталық қоймасы да жұмыс жасайды.
Ұқсас жаңалықтар
Қазығұрттағы «Ханшайым» кооперативі қара мал етін экспорттамақ
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында жаңадан құрылған кооперативтердің тыныс-тірішлігімен танысу мақсатында арнайы баспасөз туры ұйымдастырылды. Шара аясында БАҚ өкілдері алдымен Қазығұрт ауданына қарасты Жаңа базар ауыландағы «Ханшайым» кооперативінде болып, серіктестіктің жұмысын көзбен көрді. «Ханшайым» кооперативі […]
ОҚО-да «Жасыл ел» бағдарламасына жалпы 15 мыңға жуық жас атсалысқан
Оңтүстік Қазақстан облысында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жыл сайын 1000-нан аса жас жазғы еңбек лагерлеріне тартылса, жалпы 13 жыл ішінде 15 мыңға жуық жас атсалысқан. 2017 жылы республикалық бюджеттен «Жасыл ел» бағдарламасына 63,1 млн. теңге […]
ОҚО-ның барлық аудан,қалаларында 2017-2018 жылдары модульді мал сою және сүт қабылдау бекеті құрылмақ
Аграрлы аймақтың шаруаларына тиімді әрі шығынды көп талап етпейтін модульді сүт қабылдау бекеті мен модульді мал сою бекеті және шалғай елді мекендерге тиімді болып келетін модульді құрамалы медициналық пункттер жобасын іске қосу қолға алынды. — […]
Пікір қалдыру