Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында өнерлі жастардың шабытын шыңдайтын 26 арнайы мектеп қызмет жасайды. Оларда 15 мыңға жуық оқушы білім алуда. Дәл мұндай музыка мектебі өзге ешбір мемлекетте жоқ. Аталған оқу орындарының жетістігі де көңіл қуантады. Өңірдің өнерлі өрендері 6 мәрте республикалақ сайыстарда бас жүлде жеңіп алса, 9 мәрте халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанған. Атап айтсақ, Отырар ауданы саз мектебінің оқушысы Бағдәулет Нұрланұлы Түркиядағы ЭКСПО-2016 халықаралық «Балалар және гүлдер» байқауының 1-орын иегері, — Бәйдібек ауданы саз мектебінің оқушысы Сыздық Асан Түркиядағы халықаралық «Бала әлемі» байқауының гран-при иегері, Шымкент қаласы №1 саз мектебінің оқушысы Мурин Николай Фраучи атындағы 13-ші Халықаралық конкурстың 1-ші орын иегері атанды.Бұл шара алғаш рет өткізіліп отырғандықтан, республиканың мәдени өмірінде бірегей оқиға болып есептеледі. Қызықты репертуар, музыкалық инструменттердің әртүрлілігі, шығармалардың түпнұсқалығы, бірнеше түрдегі музыкалық қызметтің бірігіуі музыкалық-театрландырылған шеру мерекелік қалып тудырып, әсерлі тыныс берді. Шараға облыс орталығындағы барлық мектеп оқушылары қатысты. Әр білім ошағының балалары жүріп өткен кезде сол мектептің жетістіктері айтылды. Бұл жас буынның бойында мақтаныш сезімін тудырып, олардың отансүйгіштік рухын оятары сөзсіз.
Ұқсас жаңалықтар
Төлебидегі мектептердің материалдық-техникалық базасы жақсарған
Төлеби ауданында 52 орта, 6 негізгі, 9 бастауыш мектеп, 5 мектептен тыс мекеме, 28 мемлекеттік балабақша, 19 жекеменшік балабақша, 21 шағын орталық, 2 кешкі мектеп жұмыс істейді. Елбасының салиқалы саясатының арқасында аудан мектептерінің материалдық-техникалық базасы […]
Түркістан облысындағы мектептерде «Әкелер мектебі» жұмыс істей бастады
Түркістан облысы әкімдігінің тапсырмасымен барлық аудан, қалалардағы орта мектептерде «Әкелер мектебі» құрылды. Оның құрамына кірген ақсақалдар мен түрлі ұйым мүшелері жасөспірімдер тәрбиесін түзеу мен салт-дәстүр, ұлттық құндылықтарды дәріптеумен айналысып, отбасылық тәрбиені насихаттап, мектептердегі бала тәрбиесіне […]
Оңтүстік спортшылары – «Ақ бидай-2017» ауыл спорты ойындарының жеңімпазы
1-16 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласында ұйымдастырылған республикалық «Ақ бидай» VI ауыл спорты ойындары аяқталды.Төрт жылда бір рет өтетін республикалық сайыста оңтүстікқазақстандық спортшылар командалық есепте үздік деп танылды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық дене шынықтыру және […]
Пікір қалдыру