Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында өнерлі жастардың шабытын шыңдайтын 26 арнайы мектеп қызмет жасайды. Оларда 15 мыңға жуық оқушы білім алуда. Дәл мұндай музыка мектебі өзге ешбір мемлекетте жоқ. Аталған оқу орындарының жетістігі де көңіл қуантады. Өңірдің өнерлі өрендері 6 мәрте республикалақ сайыстарда бас жүлде жеңіп алса, 9 мәрте халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанған. Атап айтсақ, Отырар ауданы саз мектебінің оқушысы Бағдәулет Нұрланұлы Түркиядағы ЭКСПО-2016 халықаралық «Балалар және гүлдер» байқауының 1-орын иегері, — Бәйдібек ауданы саз мектебінің оқушысы Сыздық Асан Түркиядағы халықаралық «Бала әлемі» байқауының гран-при иегері, Шымкент қаласы №1 саз мектебінің оқушысы Мурин Николай Фраучи атындағы 13-ші Халықаралық конкурстың 1-ші орын иегері атанды.Бұл шара алғаш рет өткізіліп отырғандықтан, республиканың мәдени өмірінде бірегей оқиға болып есептеледі. Қызықты репертуар, музыкалық инструменттердің әртүрлілігі, шығармалардың түпнұсқалығы, бірнеше түрдегі музыкалық қызметтің бірігіуі музыкалық-театрландырылған шеру мерекелік қалып тудырып, әсерлі тыныс берді. Шараға облыс орталығындағы барлық мектеп оқушылары қатысты. Әр білім ошағының балалары жүріп өткен кезде сол мектептің жетістіктері айтылды. Бұл жас буынның бойында мақтаныш сезімін тудырып, олардың отансүйгіштік рухын оятары сөзсіз.
Ұқсас жаңалықтар
Арыс қаласындағы білім ошағына Ережепбай Молдабаевтың есімі берілді
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында еліміздің бас қаласы—Астанадан, Арысқа көптен күткен қуанышты хабар келді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сəуірдегі №360 қаулысымен Арыстың тумасы, Кеңес Одағының Батыры Ережепбай Молдабаевтың есімі Арыс қаласындағы Стадион тұрғын […]
Айдар Жақыпов: Оңтүстіктен жұмысшыларды отбасыларымен бірге жұмысқа қабылдаймыз
Бүгінгі күні компания басшысы Көкшетау қаласындағы зауытта жұмыс істегісі келетін азаматтар болса, оларға барлық жағдайды жасаймыз деп сендірді. Оның сөзінше қазір зауытта жұмыс күшінің жетпеуі салдарынан көптеген қондырғылар тоқтап тұр. Ал егер қосымша 600 ден […]
Шымкент: Мұрат Әйтенов спорт нысанының алғашқы кірпішін қалады
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан білім нысандарындағы жағдайды бақылап қайтты. Қаладағы №63 негізгі орта мектеп ғимараты 2012 жылы 300 орынға арналып салынған. Қазіргі таңда «Отано ЛТД» ЖШС білім беру мекемесі […]
Пікір қалдыру