Бұл жайында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, облыстық «Қазақстан-Шымкент» телеарнасындағы «Әкім сағаты» бағдарламасына тікелей эфирде берген сұхбатында мәлімдеді. Өңір басшысы тұрғындардың ауыз су мәселесіне қатысты сұрақтарына да жауап берген болатын. Облыс әкімінің айтуынша, өлкеміздегі елді мекендер 73 пайыз ауыз сумен қамтылған.Бұл жоғары көрсеткіш. Яғни, бұл көрсеткіш бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы республикада 4-ші орында тұр екен. Арнайы қабылданған бағдарламаға сай алдағы жылдары бұл көрсеткішті 10 пайызға өсіріп, 83 пайызға көтеруді көздеп отыр. Дәлірек айтқанда, облыстағы 844 елді мекеннің 701-і, ауыз сумен қамтылатын болады.«Қазақстан-Шымкент» телеарнасындағы тікелей эфир барысында әкімге жол құрылысына қатысты да сауалдар қойылды. Белгілі болғандай, Оңтүстік Қазақстанда жыл соңына дейін 569 нысан немесе 1452 шақырым жол мен көше, 3 жаяу жүргіншілер өткелдері және 19 көпір құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылатын болады. Ол үшін бюджеттен 30 миллиард теңгеге жуық қаржы қаралған.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да 6 айда бюджетке қосымша анықталған ішкі резервтер есебінен жалпы 16 миллиардтан астам теңге өндірілген
Оңтүстік Қазақстано блысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алтынсары Дүйсенбекұлы, тілшілермен болған кездесуде, сондай-ақ, бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз ету жайында сөз етті. Яғни, камералдық бақылау, өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіруді күшейту және жергілікті атқарушы, құзіретті органдармен […]
ОҚО әкімі: Өңірдің дамуына сыртқы инвестицияның қосар үлесі зор болуы керек
Оңтүстік Қазақстан облысының дамуына сыртқы инвестицияның қосар үлесі зор болуы керек. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін аудан әкімдері кәсіпкерлер мен инвесторларға барлық тиісті жағдайларды жасауға міндетті. Сонымен қатар, жыл соңына дейін аяқталуы тиіс құрылыс нысандарындағы […]
ОҚО ғалымдары латын әліпбиіне көшу әдістемесін жасауға қатысады
Жаһандық білім беру жүйесінде латын алфавитінің алар орыны басым екенін ескерген Оңтүстік ғалымдары латын қаріпін кеңінен талықалауға кірісті. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ғимаратында Оңтүстіктің ғалым, профессор ұстаздары және қоғам белсенділері бас қосты. Басты тақырып […]
Пікір қалдыру