«Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыстық жас туристер станциясы халықаралық мамандырылған „ЭКСПО-2017„ көрмесі аясында Қазығұрт шыңын бағындыру үшін біркүндік жорық ұйымдастырылды. Аталған іс-шара „Жер-Ана„ көпкүндік жорығының бір кезеңі болып табылатынын ескере кету керек. 120 үйірмеші шыңды екі әдіспен бағындырды — жүгіру және баяу жүру. Шыңға жүгіруден 1768 м биіктік шыңға жүгірушілерге бір сағаттан сәл астам уақытта бағынды. Ер балалар арасында — Салдарбеков Нұрислам бірінші, Касимов Никита екінші, Талип Нұрдаулет үшінші болып келді. Қыз балалардан топ жарған Афанасьева Екатерина болса, Демидова Алина мен Әжіман Мерей екінші және үшінші орындарды тиісінше бөлісті.Жас туристердің келесі сынағы 15-18 маусым күндері Біркөлік шатқалында орналасқан туристік лагерь базасында жалғасын табады. Ақмешіт, Сухое, Мокрое шатқалдарына біркүндік жорықтар ұйымдастырылып, жеткіншектер жыл бойы көкжиекті анықтау мен жергілікті жердің картасын сызу бойынша алған білімдерін іс жүзінде сынап көреді.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да өткен «Арыс жағасында» ретро-фестивалінде елімізге белгілі бес сазгердің әндері шырқалды
Оңтүстік Қазақстан облысында «Арыс жағасында» ретро-фестивалі өтті. Өңірде сегізінші рет өткізіліп отырған мерекелік кеште елімізге белгілі Тұрдықылыш Ізтай, Мұхтар Құралов, Құралай Сәтмұханбетова, Лесбек Аманов, Ержан Серікбаев сынды композиторлардың әндері орындалды.Мерекелік шараға қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев […]
ОҚО-да биыл шағын кәсіпкерлік арқылы 960 млрд. теңгенің өнімін өндіру жоспарлануда
Былтыр Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өткен жылы 900 млрд. теңгеден астам өнім өндірілсе, ағымдағы жылы оның көлемі 960 млрд. теңгеге жетпек. Яғни, орта есеппен облыста Жалпы өңірлік өнімдегі үлесін 23 пайызға […]
ОҚО-ДА 140 МЫҢ ТҰРҒЫН ЭКСПО-2017 КӨРМЕ БИЛЕТІН САТЫП АЛҒАН
«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуына санаулы сағаттар қалды. Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарды Астанаға жіберуге және қонақтарды күтіп алуға дайын. Бұл туралы аймақтық коммуникациялық орталықта өткен брифингте ОҚО кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы […]
Пікір қалдыру