28 маусым – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай, үздік жарияланым номинациясы бойынша «Үздік телеарна» аталымын «Отырар» телеарнасы алса, «Ең үздік аймақ тілшісі» номинациясын «Заң», «Қазақстан заман» газеттерінің меншікті тілшісі Шадияр Молдабек пен «24 kz» телеарнасының меншікті тілшісі Катерина Попкова, «Үздік басылым» номинациясын «Шымкент келбеті» мен «Уақыт» газеттері, «Алтын қауырсын» номинациясын «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі Ғабит Сапарбеков, «Алтын микрофон» номинациясын «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының тілшісі Төребек Байтасов, «Үздік ақпараттық агенттік» номинациясын «Rgmedia.kz» ақпараттық порталы, «Үздік аудандық, қалалық басылым» аталымын «Ордабасы оттары» газеті еншіледі. Мұнан бөлек, 9 тілшіге облыс әкімінің Грамотасы, 11 журналистке облыс әкімінің Алғыс хаты берілді.Сонымен бірге, 18 адамға Түркия Республикасына жолдама берілсе, «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» шарасына белсене қатысқаны үшін 10 азамат облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. БАҚ өкілдері құрметтелген шарада бірқатар қалам ұстаған өкілдер облыс мәслихатының Грамотасымен, Алғыс хатымен, ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің Алғыс хатымен, ҚР Журналистер Одағы ОҚО филиалы тарапының арнайы номинацияларымен, облыстық ішкі саясат басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, салтанатты отырыста облыстық БАҚ өкілдері арасында өткен «Кәсіпкерден 10 кеңес» байқауы мен «Отансүйгіштік – Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады» байқауының жеңімпаздары құттықтап, әлеуметтік желіде белсенділік танытып жүрген бірқатар блогерлер облыстық ішкі саясат басқармасының сыйлығымен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстікте орташа айлық жалақы көлемі 15,8 пайызға өскен
Оңтүстік Қазақстан облысында биыл орташа айлық жалақы 15,8% өсті. Яғни, өткен жылы бұл көрсеткіш 85 693 теңге болса, бүгінде 98 960 тенгені құрап отыр.Өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендету, кәсіпкерлікті қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2017 жылы 10,9 […]
Оңтүстік өнерпаздары Астана қаласын аралап жүріп өнер көрсетті
Оңтүстік өнерпаздары меркелік өнер думанының шерушілері «Думан» ойын-сауық орталығынан бастап, «Мәңгілік ел» қақпасы және «Хан шатыр», «Mega Silk Way» ойын-сауық орталықтары, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі және «Бәйтерек» алаңына дейін жүріп өтті. Астаналық тұрғындарға Оңтүсіктің ән […]
Оңтүстіктегі «Əзірет Сұлтан» қорық-музейінің қоры 114 жəдігермен толықты
Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік – тарихи мәдени қорық – музейінің ұйымдастыруымен «Музейге сый» акциясы өтті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Ата бабаларымыздан мұра болып қалған кең байтақ жерімізді, тарихи-мәдени құндылықтарымызды, тарихымызды, ізгі […]
Пікір қалдыру