Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жансейіт Түймебаев партия филиалының бас ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді. Өңір тұрғындары ауылдық жердегі электр бағаналарының ескіргенін, медициналық сақтандыру жүйесі жөнінде сөз болды. Сонымен қатар, әйелдер гендерлік саясатының мәселелерін қаузағанын да айта кеткен жөн. Бұған қоса, Нәзір Төреқұловтың туылғанына 125 жыл толуын атап өту мәсілісі де айтылды. Мұнан өзге, тұрғындар тұрғын үй кезегін жылжыту жөнінде көмек сұрады. Алдына келген әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған өңір басшысы тиісті орындарға тапсырмалар берді.Қоғамдық қабылдауға келген Сайрам ауданы Теспе елдімекенінің тұрғыны зейнеткер Жамалбек Пернеев ауылдағы электр бағаналарының ескіргенін айтып шағымданды. «Ауылымыздағы электр бағаналары әбден тозып, құлаудың алдында тұр. Бұл мәселені көтьеріп, аудан басшылығына да шағым түсіргенбіз. Алайда бұл мәселенің оң шешімі болмау тұр»,- деді зейнеткер Сайрамдық Жамалбек Пернеев.
Ұқсас жаңалықтар
Сайрамдағы сенбілік
Тазалық –денсаулық кепілі демекші, салауатты өмір салтын сақтайтын Сайрам ауданы, елді мекендерді көріктендіру мен көгалдандыру және санитарлық тазалығын ретке келтіру мақсатында тұрақты түрде жұмыс атқаруда. Қазіргі таңда, тазалық адам денсаулығына тікелей әсер беретінін алға тартатын […]
Сайрамда 900 орындық білім ошағы күрделі жөндеуден өтіп жатыр
Бүгінде Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Жібек жолы ауылында орналасқан Әлихан Бөкейханов атындағы жалпы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айта кету керек, аталған білім ошағы 1971 жылы бой көтерген. Міне сол уақыттан бері, яғни […]
ОҚО әкімі Сарыағаштағы «Ынтымақ Бес-Арыс» ЖШС-нің жұмысымен танысты
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев ауданымызға іс-сапармен келді. Ж.Түймебаев Сарыағаш ауданына іс-сапары барысында Жемісті ауылдық округінде орналасқан «Ынтымақ Бес-Арыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, шаруашылық айналысып жатқан баумен танысты.Ал, «Ынтымақ Бес-Арыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі […]
Пікір қалдыру