23 маусым мемлекеттік қызметшілер және полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекелеріне орай Отырар ауданында спартакиада болып өтті. Спорттық шараға қатысушылар арқан тарту, кір тасын көтеру және кіші футболдан орталық спорт кешенінде өзара кім мықтыны анықтады. Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі аппаратының басшысы Абай Құрман, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзабай Өксікбаевтар шараға қатысушыларды салауатты өмір – салатын қалыптастырып, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей ел тұрғындарының кемінде отыз пайызын бұқаралық спортқа тартудың маңыздылығына тоқталып, жарыс ұйымдастырушыларын кәсіби мерекелерімен құттықтап, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.Яғни, бұл спартакиаданың бірден-бір мақсаты жарысқа қатысушыларды салауатты өмір салтын ұстануға үгіттеп, бұқаралық спортты дамыту болатын.Сайдың тасындай іріктелген сегіз команда спорттың үш түрінен кім мықтыны анықтау үшін өзара күш сынасуда. Жарыс түстен кейін өз мәресіне жетеді. Сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Ақиық ақын Отырардағы этноауылда аралап көрді
Шіліңгір шілденің ыстығы қайта бастаған шақта аудан басшысы мәртебелі меймандарды «Бестораңғыл» елдімекеніндегі «Алаш» этноауылына бастап барды. Құрметті қонақтарды аудан өнерпаздары «Ақ бантик» әнінің шығу тарихына арналған көрініс ұсынып, ары қарай әнді хормен жалғап қарсы алды. Жеке […]
Отырарлықтар өткен жылы жүгерінің әр гектарынан 130-140 центнерден өнім алған
Сайын даласында ұшқан құс пен жүгірген аңның тұяғы талатын Отырар топырағы қашанда дихан қауымы үшін де берекелі тірліктің ордасы саналады. Өткен ғасырдың 80-90 жылдары ауданымызда жүгері өнімдерін өсіруде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, ауданымыздағы 20 мың […]
Отырарда жылуға жауаптылардың есебі тыңдалды
Отырар ауданының 2017-2018 жылғы жылу беру маусымына дайындық шаралары туралы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Асылхан Құдайбергенов баяндады. Жылыту маусымына дайындық жұмыстарына әр мекеме басшылары мен ауыл […]
Пікір қалдыру