Мұқтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің конференц залында Оңтүстік Қазақстан облысында қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік комиссия отырысы болып өтті. Жиында облыс әкімі Ж.Түймебаев сөз сөйлеп, Елбасының бұл мақаласы- мемлекеттік идеологияны анықтайтын басты саяси құжат болып табылатынын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының оңтүстік өңірінде іске асыру жұмыстарының өзектілігін атап өтті.Бүгінде Елбасы мақаласының басым бағыттарын ілгерілету мақсатында зиялы қауым, ардагерлер, Қазақстан халқы Ассамблеясы, үкіметтік емес ұйым өкілдері, саяси партиялар мен қоғамдық кеңестер, депутаттар, БАҚ өкілдері, блогерлер, еңбек ұжымдары, жастардың қатысуымен көптеген іс-шаралар өткізіліп жатыр.Президент мақаласын насихаттау мақсатында арнайы спикерлер топтары жасақталып, БАҚ арқылы қызу қолдау шаралары атқарылып, әлеуметтік желілерде пікірлер жарияланып жатыр. Тіптәі мақаланың мәтіні жазылған кітапшалар, әдістемелік құралдар шығарылып таратылды. Халықты бірлікке, ынтымаққа татулыққа шақыратын және ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді дәріптейтін түрлі деректі фильмдер, роликтер әзірлеу қолға алынуда.
Ұқсас жаңалықтар
Астанада ЭКСПО қонақтарына Оңтүстіктің ұлттық сусындары мен жеміс-жидектері тегін таратылды
Елордадағы Оңтүстік күндерінде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалауға келген қонақтар қонақжай күнгей жұртының ерекше сыйына куә болды. Яғни, бас қаланың төрінде оңтүстікқазақстандық өнертапқыш Еркінбек Бөкебаев ойлап тапқан «Qazaq Arbasy»-ның екі данасы қойылып, онда ұлттық сусындарымыз – […]
Оңтүстік бағбаншылары биыл 86 мың тонна алма жинады
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысының бағбандары 86,4 мың тонна алма жинады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы өңірде 654,8 гектар жерге қарқынды алма бауы отырғызылғанын айта кеткен жөн. Қазіргі таңда өңірдегі қарқынды баудың жалпы көлемі 2 800 гектарға […]
Оңтүстікте «СЕРПІН-2050» жобасына құжат қабылдау басталды
Оңтүстік Қазақстан облысының жастарына солтүстік облыстарда тегін оқуға мүмкіндік беретін «Серпін» жобасына құжат қабылдау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Биыл осы жоба аясында Солтүстік, Шығыс, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Атырау облыстарындағы жоғары және орнаулы […]
Пікір қалдыру