Мұқтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің конференц залында Оңтүстік Қазақстан облысында қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік комиссия отырысы болып өтті. Жиында облыс әкімі Ж.Түймебаев сөз сөйлеп, Елбасының бұл мақаласы- мемлекеттік идеологияны анықтайтын басты саяси құжат болып табылатынын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының оңтүстік өңірінде іске асыру жұмыстарының өзектілігін атап өтті.Бүгінде Елбасы мақаласының басым бағыттарын ілгерілету мақсатында зиялы қауым, ардагерлер, Қазақстан халқы Ассамблеясы, үкіметтік емес ұйым өкілдері, саяси партиялар мен қоғамдық кеңестер, депутаттар, БАҚ өкілдері, блогерлер, еңбек ұжымдары, жастардың қатысуымен көптеген іс-шаралар өткізіліп жатыр.Президент мақаласын насихаттау мақсатында арнайы спикерлер топтары жасақталып, БАҚ арқылы қызу қолдау шаралары атқарылып, әлеуметтік желілерде пікірлер жарияланып жатыр. Тіптәі мақаланың мәтіні жазылған кітапшалар, әдістемелік құралдар шығарылып таратылды. Халықты бірлікке, ынтымаққа татулыққа шақыратын және ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді дәріптейтін түрлі деректі фильмдер, роликтер әзірлеу қолға алынуда.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстіктің қызанағы мен қияры Ресейге экспортталуда
Ордабасы ауданы, Бадам ауылындағы «Аделя» жылыжай кешенінің көлемі 16 гектарды құрайды. Оның 5 гектары 2011 жылы, ал 11 гектары 2014 жылы іске қосылған. Жалпы жобаны «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы қаржыландырыпты.Нақтырақ айтсақ, аталмыш ұйым 2011 жылы 440 […]
Оңтүстіктен «ЭКСПО-2017» көрмесіне көкөніс керуені аттанды
Астана қаласында 22-23 шілде күндері «ЭКСПО-2017»халықаралық көрмесіне арналған Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі. Осыған орай бүгін ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген жүк көліктері Астана қаласына жолға шықты. Бұл оңтүстік шаруларының ЭКСПО аясындағы4 — шіжәрмеңкесі.Оңтүстік диқандары бұл жолы қала қонақтары мен тұрғындарына құны 171 млн. теңге болатын 420 тонна өнім жеткізбек. ЭКСПО көрмесінде отандық өнімдеріміз қала тұрғындары мен қонақтарына жәрмеңке түрінде ұсынылғалы отыр. Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысы […]
Бала тәрбиесі-ұлт тәрбиесі
Дана ойшыл Ж.Баласағұн «Өнер-білім берем десең басынан, оқуға бер балаңды жасынан» дегендей, — жас өскінге қазіргі заман талабына сай тәрбие беріп, мектепке даярлау барысында балабақшаның рөлі зор.Сондықтан бала тәрбиесінің алғашқы әліппесі балабақша табалдырығынан басталады. Осы […]
Пікір қалдыру