Астана қаласында 22-23 шілде күндері «ЭКСПО-2017»халықаралық көрмесіне арналған Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі. Осыған орай бүгін ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген жүк көліктері Астана қаласына жолға шықты. Бұл оңтүстік шаруларының ЭКСПО аясындағы4 — шіжәрмеңкесі.Оңтүстік диқандары бұл жолы қала қонақтары мен тұрғындарына құны 171 млн. теңге болатын 420 тонна өнім жеткізбек. ЭКСПО көрмесінде отандық өнімдеріміз қала тұрғындары мен қонақтарына жәрмеңке түрінде ұсынылғалы отыр. Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысы халықаралық көрме аясында 6 рет жәрмеңке өткізуді жоспарлап отыр. Аталған жәрмеңкеге дихандар негізінен көкөніс, жеміс-жидек пен бақша дақылдарын көптеп жіберуде. Өйткені шілденің шіліңгір ыстығында осы өнімдерге сұраныс өте жоғары болмақ. ЭКСПО қонақтары дәмі тіл үйірер Шардараның қауын-қарбызы, Түлкібастың алмасы мен Сарыағаштың қызанағынан дәм татады. Ал, жәрмеңкеге барған шаруалар өнімдерін сатып қана қоймай, халықаралық шараны тамашалауға мүмкіндік алады.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстік спортшылары – «Ақ бидай-2017» ауыл спорты ойындарының жеңімпазы
1-16 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласында ұйымдастырылған республикалық «Ақ бидай» VI ауыл спорты ойындары аяқталды.Төрт жылда бір рет өтетін республикалық сайыста оңтүстікқазақстандық спортшылар командалық есепте үздік деп танылды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық дене шынықтыру және […]
Елбасы: Оңтүстік кәсіпкерлікті дамыту арқылы көшбасшы аймаққа айналуы тиіс
Оңтүстікке жасаған жұмыс сапарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сайрам ауданындағы жоғары технологияларды қолдану арқылы алма өсіріп, оны сақтаумен және сатумен айналысатын «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Бау шаруашылығында әлемдік тәжірибені қолданатын компания жылына 8-10 мың тонна алма […]
ОҚО-ның Астанада өткізген бизнес-форумында 6 меморандумға қол қойылды
Астана қаласында Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында «Ontustik Business: Мүмкіндіктер мен әлеует» атты бизнес-форум.болып өтті.Форум жұмысына ҚР «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев, «Қазақстан Даму банкі» АҚ төрағасы Болат Жәмішев бастаған даму институттары мен […]
Пікір қалдыру