Оңтүстік Қазақстан облысындағы «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы 8 жылдан бері облыс тұрғындарына жеңілдетілген несие беру арқылы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп келеді. Бүгінге дейін компания 48,8 млрд. теңгені құрайтын 16 240 жобаны қаржыландырған. Нәтежиесі де жаман емес. Осының арқасында күні бүгінге дейін облысымыздағы 16 мыңнан аса кәсіпкер өзінің бизнесін ашып, ілгерілетуге компаниядан қаржылай қолдау тапқан. Жүзеге асырылған жобалар аясында 40 907 жаңа жұмыс орындары ашылған.Ал, «ОҢТҮСТІК» АИО еншілес «Ырыс» микроқаржы ұйымымен бірлесе отырып, жыл басынан бері 4,9 млрд. теңгені құрайтын 1 903 жобаны қаржыландырып үлгерген. Жүзеге асырылған жобалар нәтижесінде 3 994 жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Қаржыландырылған жобалардың 56,3 пайызы мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. Аталған бағытта 2,75 млрд. теңгені құрайтын 941 жоба қаржылай қолдау тауып отыр. Одан бөлек, көктемгі дала жұмыстарын жүргізу және егін шаруашылығы бойынша 1,7 млрд. теңгеге 894 жоба, жылыжай шаруашылығы бойынша 148,2 млн. теңгеге 41 жоба қаржыландырылып, 128,2 млн. теңгені құрайтын 7 ауыл шаруашылық техникасы лизингке берілген.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан: Сайрамда «Ауыл-ел бесігі» жобасы сәтті жүзеге асып жатыр
Сайрам ауданында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Ақсукент және Манкент ауылдарында білім, мәдениет және денсаулық сақтау нысандары күрделі жөндеуден өтуде. Сондай-ақ, аталған екі ауылдық округтегі 10 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүретін болады. Мәселен, […]
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА СҮТ БАҒЫТЫНДАҒЫ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ БАСЫ КӨБЕЮДЕ
Түлкібас ауданында мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Бұл саланың өркендеп, гүлденуіне үлес қосып жүрген серіктестіктер де аз емес. Соның бірі «Майлыкент Агро» ЖШС-і. Аталған серіктестік 2018 жылы мемлекет тарапынан 106 млн. теңге жеңілдетілген несие […]
Ордабасы ауданында шағын кәсіпкерлікті дамытатын 4 мыңнан астам жобаға қаржылай көмек берілген
Ордабасы ауданында 2017 жылдың қаңтар-тамыз айларында шағын және орта бизнес субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 27,9 млрд. теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,8 пайызға артқан. Ал одан түскен салық көлемі 406 млн. […]
Пікір қалдыру