Оңтүстік Қазақстан облысындағы «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы 8 жылдан бері облыс тұрғындарына жеңілдетілген несие беру арқылы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп келеді. Бүгінге дейін компания 48,8 млрд. теңгені құрайтын 16 240 жобаны қаржыландырған. Нәтежиесі де жаман емес. Осының арқасында күні бүгінге дейін облысымыздағы 16 мыңнан аса кәсіпкер өзінің бизнесін ашып, ілгерілетуге компаниядан қаржылай қолдау тапқан. Жүзеге асырылған жобалар аясында 40 907 жаңа жұмыс орындары ашылған.Ал, «ОҢТҮСТІК» АИО еншілес «Ырыс» микроқаржы ұйымымен бірлесе отырып, жыл басынан бері 4,9 млрд. теңгені құрайтын 1 903 жобаны қаржыландырып үлгерген. Жүзеге асырылған жобалар нәтижесінде 3 994 жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Қаржыландырылған жобалардың 56,3 пайызы мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. Аталған бағытта 2,75 млрд. теңгені құрайтын 941 жоба қаржылай қолдау тауып отыр. Одан бөлек, көктемгі дала жұмыстарын жүргізу және егін шаруашылығы бойынша 1,7 млрд. теңгеге 894 жоба, жылыжай шаруашылығы бойынша 148,2 млн. теңгеге 41 жоба қаржыландырылып, 128,2 млн. теңгені құрайтын 7 ауыл шаруашылық техникасы лизингке берілген.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан: Түлкібас ауданында «Игілік» бағдарламасының игілігін көріп жатқандар көп
Түлкібас ауданында мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіп ашатын шаруалар қатары көбейіп келеді. Мәселен, «Игілік» бағдарламасымен несие алып, мал өсірумен айналысатын тұрғындар саны артуда. Соның бірі, Түлкібас ауданына қарасты Қараағашты ауылының тұрғыны Талғат Айдарқұлов. Жылқы өсірумен […]
Шымкентте кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Шымкент қаласында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Еліміздің үшінші мегаполисінде жыл басынан бері 58 968 бас ірі қара мал бүркітілген. Сонымен қатар Шымшахардағы 8 500 бас уақ мал тоғытылған. Үздіксіз жүргізіліп жатқан залалсыздандыру […]
Арыста 51,6 миллиард теңге ге 4 жоба жүзеге асқан
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің Арыс қаласында жүзеге асырылуын баяндаған Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек мәлім етті.Тоғыз жолдың торабында орналасқан Арыс қаласында өнеркәсіпті дамытуға мүмкіндік мол. Себебі, өндірілген тауарды тасмалдау […]
Пікір қалдыру