Арыста 51,6 миллиард теңге ге 4 жоба жүзеге асқан

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен Елбасы Жолдауынан туындаған  міндеттердің Арыс қаласында  жүзеге  асырылуын баяндаған Арыс қаласының әкімі  Мұрат Қадырбек мәлім етті.Тоғыз жолдың торабында орналасқан Арыс қаласында өнеркәсіпті дамытуға мүмкіндік мол. Себебі, өндірілген тауарды тасмалдау жағы аса қиындық тудырмайтынын айта кеткен жөн. Бұл мәселеде Арыс арқылы өтетін шойын жолдардың көмегі орасан болмақ. Осы тұрғыдан алғанда қаладағы индустриялды аймаққа инвестиция құямын деушілердің де көптеп ниет білдіретінін аңғару қиын емес.  Мәселен, жаңа индустрияландыруды өркендету бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде айтқан әкім 2015-2017 жылдар аралығында Арыс қаласы бойынша индустриаландыру бағдарламасы аясында 5 жоба мақұлданған. 

Күні бүгінге дейін Арыста жалпы құны 51,6 миллиард теңге болатын 4 жоба іске қосылығанын айта кеткен жөн. Яғни, 133 жаңа жұмыс орны құрылған. Сонымен қоса, биылғы жылы қалада құны 376 миллион теңгені құрайтын газабетон блоктарын шығаратын кіші зауыттың құрылысы жүргізіліп жатыр екен. Жоба іске қосылғанда жаңа 30 жұмыс орны ашылатын болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*