Орадабасы ауданындағы «Сабыр» шаруа қожалығының егістік көлемі — 430 гектарды құрап отыр. Биылғы жылы тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағыты бойынша 3 млн. 519 мың теңгеге 100,3 тонна жеңілдетілген аммиак селитрасына қол жеткізген. Шаруа қожалығы «Ынтымақ» өндірістік кооперативінің құрамында жұмыс жасауда. Бұл кооператив 2001 жылдан бері бидай өсірумен қатар мал шаруашылығын дамытумен де айналысып келеді. Бүгінде кооператив 50 азаматты жұмыспен қамтып отыр.Кооператив төрағасы Т.Жанысбаевтың мәлімдеуінше, өнімнің биылғы түсімі гектарына 22-25 центнерді құрайды екен. Сонымен қатар, төраға қазіргі таңда білікті механизаторлардың тапшылығын да тілге тиек етті. Ордабасы аудандық ауылшаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Н.Әбілхасов өз кезегінде шаруаларға жеңілдетілген тыңайтқыш пен жанар-жағар майдың мерзімінде жеткізіліп келетінін атап өтті.Сондай-ақ, Ордабасылық жеке кәсіпкер Б.Қалметов биыл алғаш рет фермерлік жылыжайын іске қосып, алғашқы өнімін алды. Иелігіндегі жердің 0,5 гектарына жылыжай орналастырып, қияр мен қызанақ өсіруді қолға алды. Өз қаражаты есебінен жүзеге асқан бұл жобаның инвестициялық құны 30 млн. теңгені құраған. 6 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. — «Алма піс, аузыма түс» деп отыратын заман емес. Отбасымызбен осы жылыжай ісін қолға алғанда біраз күдіктендік. Қалай болар екен деген ой да болды. Алғашқы өнім біз күткен нәтижеден де асып түсті десем, артық айтпаймын. Қиярдың маусымы өтіп бара жатыр. Енді, қызанақтың көшеттерін отырғызып, баптауға көштік. Өнімді қазан-қараша айында жинаймыз деп жоспарлап тұрмыз. Келешекте жылыжайдың көлемін арттыруым да мүмкін, — деп ағынан жарылды кәсіпкер Б.Қалметов.
Ұқсас жаңалықтар
Ордабасыда жігіттің сұлтандары сынға түсті
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасын іске асыру мақсатында аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен аудандық «Жігіттің сұлтаны» сайысы өтті. Жүзден жүйрік таңдаған аталмыш шара […]
ДҰРЫС БАҒЫТ, КЕРЕК КЕҢЕС БЕРЕДІ
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасы аясында Ордабасы ауданында әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығы ашылды. Бастаманы қолға алудағы мақсат — отбасы, ошаққасында болатын жанжалдарға тосқауыл қою, шаңырақ ынтымағын сақтау. Орталықта ерінен зәбір көріп, зорлық-зомбылық […]
Ордабасыда халықаралық талапқа сай ұн өндіріліп жатыр
Ордабасы ауданында «Ордабасы нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заманауи үлгідегі Түрік технологияларын пайдаланып, сапалы ұн өнімін өндіріп жатыр. Өнім халықаралық деңгейдегі мемлекеттік талаптарға сай. Ал, өндіріс қондырғылары халықаралық стандартқа сәйкестендірілген.Айта кету керек, алғаш рет жұмысын 2008 […]
Пікір қалдыру