Түркістанға биылғы жылдың 6 айында 678 683 турист келіп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 92 мың 291 адамға артқан. Туристерден түскен табыс 1 млрд. 496,5 млн. теңгені құрапты. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев мәлім етті. Түркістан қаласын әлемдік деңгейдегі тарихи-мәдени орталық ретінде дамыту үшін әзірленген «Көне Түркістан» концепциясы 3 кезеңде жүзеге асырылатын болады. Көне шаһардың 99,6 гектар жер аумағын қамтитын концепцияның басты бағыттарының бірі – туристік индустрияны дамыту болып белгіленіп отыр.«Қазір «Көне Түркістан» концепциясының алғашқы кезеңін іске асыру мақсатында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қарсы бетінде орналасқан 12,8 гектар жер аумағында бұзылуға жататын 129 тұрғын үйді мемлекеттік қажеттілікке сатып алу үшін бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сатып алу шаралары заң талаптарына сай іске асырылатын болады. Бұл жобаның жалпы құны шамамен — 7 850,6 млн. теңгені құрайды. Оның ішінде – 1 290 млн. теңге 129 үйді сатып алуға, 800,0 млн. теңге инфрақұрылымға қаралған», — деді Әліпбек Шәріпбекұлы.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжінде спорт кешені ашылды
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков Түркістан қаласына жасаған сапары барысында Елбасы айтқан ұлттық сананың жаңғыруы осы рухани қаладан басталу қажеттігін айтты.Жұмыс сапары аясында Ұласбек Сәдібекұлы бастаған арнайы топ ең алдымен №15 М.Жұмабаев атындағы […]
Түркістанда 50 гектарға жуық жерге этносаябақ салынбақ
Түркістан қаласының оңтүстік шығыс бетіндегі 45,0 гектар жер аумағына этносаябақ салу жоспарлануда. Этносаябақта ұлттық нақыштағы ойын-сауық орындары, ұлттық тағамдар мен сусындар ұсынатын нысандар, ашық аспан астындағы демалыс орындары мен киіз үйлер орналасатын болады. Осы этносаябақта […]
«Қожа Ахмет Ясауи мұрасы және Түркістан» халықаралық конференциясына келген делегаттар тарихи орындарды аралады
Түркістан қаласында өтетін «ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысушы Түркі елінің делегаттары тарихи орындарды аралады. Осы орайда, Отырар ауданындағы Арыстанбаб кесенесіне барып, баба рухына құран бағыштаған делегаттар Түркі жұртының мəңгілік […]
Пікір қалдыру