Оңтүстік Қазақстан облысынан соңғы үш жылда 9 облысқа – Солтүстік, Шығыс, Батыс Қазақстан облыстары мен Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Атырау облыстарына 5627 түлектің 4698-і жоғары оқу орнына түсіпті. Ал, 929 талапкер колледждерде білімін жалғастырған. Яғни, 2014 жылы «Серпін-2050» бағдарламасы аясында жоғары оқу орындарына 1050 грант бөлініп, 540 талапкер оқуға түссе, 2015 жылы 5000 грант бөлініп өңірімізден 2580 түлек оқуға түскен. Ал 2016 жылы 3162 грант бөлініп, 1578 талапкер грант иегері атанған.Биыл осы жоба аясында Оңтүстік Қазақстан облысында Солтүстік, Шығыс, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Атырау облыстарындағы жоғары және орнаулы орта оқу орындарына 4513 грант бөлініп отыр. Оның 3793-і жоғары оқу орындарына, қалғаны колледждерге бөлініп отырғанын айта кету керек. Сонымен қатар, бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысынан 5627 жас осы жоба аясында білім алып жатыр. Алғашқы қатысушылар диплом алып, сол өңірлерде өз күшімен жұмысқа орналасып үлгерген.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстіктегі ауылдық жердегі халықтың 73 пайызы ауыз сумен қамтамасыз етілген
Оңтүстік Қазақстан облысындағы 836 ауылдық елді мекен халқының 73 пайызы ауыз сумен толық қамтылған. Сондай-ақ, қалалық елді мекеннің 93,1 пайыз жұрты орталықтандырылған су жүйелеріне қол жеткізген. Бүгін бұл туралы облыс әкімдігінде өткен селекторлық отырыста облыстық […]
Оңтүстікте бағаны тұрақтандыру мақсатында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрменкелері ұйымдастырылуда
Бүгінгі таңда бағаны тұрақтандыру мақсатында оңтүстікте ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері ұйымдастырылып келеді. Сондай-ақ, Шымкенттегі «Фиркан», «Magnum», «Рахмет», секілді ірі сауда желілерімен келіссөз жүргізіліп, қазіргі таңда тұрақтандыру қорының қанты «Фиркан» сауда желісінде сатылуда.Биылғы шілде айында әлеуметтік […]
Оңтүстіктегі аудан, қалалардың санитариялық тазалығын қамтамасыз ету үшін 5 мыңға жуық адам жұмылдырылмақ
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында өзіміз тұрып жатқан жерлерімізді абаттандыру, тарихи орындарды тазалықта ұстап, ретке келтіру айтылған. Осыған орай, Облыс әкімдігімен 2017 жылдың 21 тамызынан — 21 қыркүйек аралығында елді мекендер аумақтарында санитарлық тазалық […]
Пікір қалдыру