Оңтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін 18 көпір тиісті жөндеуден өтіп, ел игілігіне беріледі деп күтіліп отыр. Атапа айтқанда, бүгінгі таңда 13 жол өткелі күрделі жөндеу көріп жатса, 5 көпір орташа жөндеу жұмыстары өтіп жатқанын айта кеткен жөн.Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының мәліметінше, аталған нысандар толығымен пайдалануға берілгенде бұл жағдай, өңірдегі жөндеуді қажет ететін көпірлер санының 101-ге дейін азаюына мүмкіндік береді екен.Сонымен бірге, жөндеуді қажет ететін көпірлердің қатарын азайту мақсатында осы жылы 26 көпірге, яғни, 11 өткелге күрделі жөндеу, 15 көпірге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіа жатқанын айта кетейік. Жыл қорытындысымен аталған 26 жобаға тиісті сараптама қорытындысы алынуы күтілуде. Осыған сәйкес, 26 жобаға құрылысты жүргізу үшін жергілікті бюджеттен қаржы қаралған жағдайда, аталған нысандарға келесі 2018 жылы құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілетін болады.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-ғы «Зерде-керамика» жылына 4,5 миллион шаршы метр керамогранит шығармақ
Оңтүстік Қазақстан облысындағы керамограниттің өндірісімен айналысатын «Зерде-Керамика» кәсіпорны енді өнімнің санын анағұрлым арттырмақ. Яғни, өндіріс орны екінші желісін жыл соңына дейін іске қосып, өнім көлемін 2 миллионнан 4,5 млн. шаршы метрге жеткізбек. Сапалы өнім шығаратын […]
ОҚО-да биыл 17 мың педагог біліктілігін арттырған
Оңтүстік Қазақстан облысында педагог кадрларды қайта даярлауда орасан зор жұмыстар атқарылып келеді. Нақтырақ айтқанда, биылдың өзінде 17 мың педагог біліктілігін арттырған. Сондай-ақ, облыстағы 15 аудан бойынша құрамына 352 мұғалім енген мобильді топтар құрылып, жұмыс атқарылуда. […]
ОҚО мемлекеттік-жекеменшік жобаларды жүзеге асыруда көш бастап тұр
Елбасымыз Қазақстан халқына арналған Жолдауында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мәселесіне көңіл аудару қажеттілігін атап өткен болатын. Осыған орай Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында жалпы құны 9,3 млрд теіңгені құрайтын 13 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. […]
Пікір қалдыру