Оңтүстікте ашылған отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтарға «Көмек» оңалту орталығы Қазақстан Республикасының «Қызыл ай» қоғамының құрамында орналасып, «Қорғау-Астана» қорының әлеуметтік жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жаңадан ашылған орталық ғимаратында қабылдау, дәрігер бөлмесі, қажетті құралдармен жабдықталған психолог, әлеуметтік кабинеттер, жатын бөлмелер, асхана, балалар алаңшалары, мәдени тынығу бөлмелері қарастырылған.Мұндай орталық Шымкенттегі Байытұлы баба көшесі бойынан да ашылған. «Медициналық-психологиялық оңалту орталығында» психобелсенді заттарды пайдаланушы азаматтарға медициналық-психологиялық коррекция жұмысын жүзеге асырады. Орталықта нарколог, психолог, психотерапевт және әлеуметтік қызметкерлер емдеу стандарттарына сәйкес наркологиялық және медициналық көмек көрсету көзделген. Медициналық-психологиялық оңалту орталығы келушілерді құзырлы органдардың жолдамасы арқылы қабылдайды. 20 төсек орынмен қамтамасыз етілген орталық тәулік бойы жұмыс жүргізетін стационарлық мекеме болып табылады.Ал үшінші орталық — әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі Шымкент қаласы әкімдігінің Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығының жанынан ашылды. Орталықта зәбір көріп, зорлық-зомбылық тауқыметін тартқандар, кереғар діни ағымдардан зардап шеккендерге психологиялық қолдау көрсетіледі. Мұнда интернет желісі арқылы скайп жүйесімен онлайнды сұхбаттасу, кеңестер алу шаралары жоспарланған.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкент қаласында пәтер иелерінің кооперативтері құрылады
Алдағы күзде Шымкент қаласы мегаполиске айналмақ. Осы орайда шаһардың даму жоспары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына аса мән беріліп отыр. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасымен қала орталығының инвестициялық тартымдылығын арттыру және тұрғындар мен […]
ОҚО әкімі Шымкенттегі жол айрықтарының құрылысымен танысты
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, «Бекжан» базары маңындағы жол айрығының құрылысына аялдады. Бас мердігер – «ЖБИ-С» компаниясы нысанды 2018 жылы пайдалануға берілетінін айта кету керек. Жол айрықтың жалпы құны 1 миллиард 737 млн теңгені […]
«ЕҢБЕК ЖОЛЫ» БАЙҚАУЫНДА ШЫМКЕНТТІҢ НАМЫСЫН КІМ ҚОРҒАЙТЫНЫ АНЫҚТАЛДЫ
Жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтетін Еңбек күніне орай бүгін Шымкентте “Еңбекпен өткен өмір — ұрпаққа үлгі” атты салтанатты жиын өтті. Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының ұйымдастыруымен өткен іс шараға қала тұрғындары, ардагерлер кеңесі мен […]
Пікір қалдыру