Оңтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін 18 көпір тиісті жөндеуден өтіп, ел игілігіне беріледі деп күтіліп отыр. Атапа айтқанда, бүгінгі таңда 13 жол өткелі күрделі жөндеу көріп жатса, 5 көпір орташа жөндеу жұмыстары өтіп жатқанын айта кеткен жөн.Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының мәліметінше, аталған нысандар толығымен пайдалануға берілгенде бұл жағдай, өңірдегі жөндеуді қажет ететін көпірлер санының 101-ге дейін азаюына мүмкіндік береді екен.Сонымен бірге, жөндеуді қажет ететін көпірлердің қатарын азайту мақсатында осы жылы 26 көпірге, яғни, 11 өткелге күрделі жөндеу, 15 көпірге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіа жатқанын айта кетейік. Жыл қорытындысымен аталған 26 жобаға тиісті сараптама қорытындысы алынуы күтілуде. Осыған сәйкес, 26 жобаға құрылысты жүргізу үшін жергілікті бюджеттен қаржы қаралған жағдайда, аталған нысандарға келесі 2018 жылы құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілетін болады.
Ұқсас жаңалықтар
Кәсіпкерлер, кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірген тұлғалар мен БАҚ өкілдерінің назарына!
Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мен кәсіпкерлер палатасы бірлесіп кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастыруда. Кездесу, 12 қыркүйек 2017 жылы сағат 10:00 Қазақстан халқының Ассамблея үйінің ғимаратында (мекен жайы: Шымкент қаласы, Желтоқсан даңғылы, 9/3) облыс прокуроры орынбасарының міндетін атқарушы […]
ОҚО-да 5 айда орын алған қылмыстардың саны азайған
Оңтүстік Қазақстан облысында қылмыстық ахуал тұрақты. Соңғы бес айда қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 25,1 пайызға, көшелерде жасалған қылмыстар 32,4 пайызға төмендеген. Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігі жанындағы құқықбұзушылықтың алдын алу […]
ОҚО-ның мемлекеттік қызметкерлері Түркияда іс-тәжірбиеден өтпек
Шымкентте «23 — маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне» арналған салтанатты шара өтті. Онда облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдегі барша мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, еліміздің өсіп, өркендеу жолында толағай табыстар тіледі. Салтанатты жиында мемлекеттік қызмет саласында көп […]
Пікір қалдыру