Биыл 1 шілдедегі жағдай бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысында шартты ақшалай көмек 12813 отбасындағы 74705 адамға тағайындалп, жалпы сомасы 3,6 млрд теңгені құрағанын айта кеткен жөн. Еңбекке қабілетті 13846 адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылып, оның ішінде 11528 адам немесе 89,7% тұрақты жұмысқа орналасып отыр.Министр Тамар Дүйсенова, облыс әкімдігінде өткен қорытынды жиын барысында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдерінің және өзге де жергілікті құзырлы мекемелердің уақытша науқандарға ұрынбай, жұмысты ұзақ мерзімге жеміс беретіндей сапалы жүргізуінің маңыздылығын атап өтіп, жалпы облыста тындырылған іс-қимылдарды оң бағалады. «Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыссыз және өзін өнімсіз жұмыспен қамтыған азаматтарды жаңа жұмыспен қамту бағдарламасына белсенді тарту қажет. Аз қамтылған отбасыларды көптеп «Өрлеу» жобасына жұмылдыра алсақ, келесі жылдан атаулы әлеуметтік көмектің жаңа сипатын іске қосуға да дайындық деңгейі соншалық жоғары болмақ», — деді Тамара Дүйсенова.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да «Туған жер» бағдарламасы бойынша 80 жоба жүзеге аспақ
Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасы мақаласында айтылғандай, қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру ҚР Президенті әкімшілігі белгілеген жобалық менеджмент тәсілімен жүргізіліп жатыр. Бұл орайда, ұзын сонар жоспар жасау, жобаны жүзеге асыру үшін түрлі мәжілістер, талқылаулар ұйымдастыру […]
ОҚО-дағы тұрақтандыру қоры азық-түлік бағасының қымбаттауына жол бермеу керек
Оңтүстікте қыс айларында азық-түлік бағаларының қымбаттауына жол бермеу керек. Бұл үшін тұрақтандыру қоры тиісті шараларды атқарып, халық көп тұтынатын өнімдердің қорын жеткілікті көлемде дайындап, бағаның өзгермеуіне ықпал етуі тиіс. Бұл туралы Шымкент қаласындағы көлік-логистикалық орталығында […]
ОҚО-да жастар арасында қылмыс азайып келеді
Оңтүстік Қазақстан облысында жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық көрсеткіші 2017 жылы өткен жылға қарағанда 307-ге азайған. Бұл облыс көлемінде жүзеге асырылып жатқан «Жас сақшы» және «Жас полиция көмекшілері», «Айбын» жобалары мен мекенжайлық көмек көрсету жұмыстарының […]
Пікір қалдыру