Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында «Өрлеу» жобасын іске асыру үшін 7,3 млрд. тенге бөлініп отыр. Бұл қаражатқа 126 мың адамға шартты ақшалай көмек көрсетіліп, 27,3 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Әзірдің өзінде облыстың барлық аудан, қалаларында 1630 отбасыға 445,0 млн. теңгеге шартты ақшалай көмек беріліп, еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің 95,2 пайызы жұмыспен қамтылған. Бұл туралы облыс әкімі Ж.Түймебаевтың төрағалығымен өткен жиында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев мәлім етті.2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазіргі үш түрлі әлеуметтік төлемдер орнына атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізілетін болады. Қиын жағдайға тап болған және объективті себептерге (жасы, денсаулық жағдайы, мүгедектік және өзге әлеуметтік осалдық) байланысты азаматтарға шартсыз көмек ұсынылмақ. Бір сөзбен айтқанда, күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен тұратын аз қамтамасыз етілген азаматтарға жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан жағдайда шартты ақшалай көмек көрсетілетін болады.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-де келер жылы 18 мектеп пайдалануға беріледі
Оңтүстік Қазақстан облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашевтың айтуынша, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында облысымызда 32 мектептің құрылысы жүргізілуде. 2016 жылдан өтпелі 19 мектепті ағымдағы жылы пайдалануға беру жоспарланса, бүгінгі күнге 16 мектеп пайдалануға берілген. […]
ОҚО әкімі 60 мың тонна мақта шикізатын дайындайтын зауыттың жұмысымен танысты
Бүгін Оңтүістік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданында болып, Елбасы міндеттеген тапсырмалардың ауданда жүзеге асырылуын бақылады. Сонымен бірге мемлекеттік бағдарламалар аясында ісін өрге дөңгелеткен бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен танысып, шаруалармен кездесті.Сапары барысында аймақ […]
ОҚО-да биыл 50 мыңнан астам жер теліміне сәйкестендіру құжаты берілген
Оңтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылы облыстық жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті халыққа мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсету бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар атқарды. Мәселен, осы жылдың 10 айында жер теліміне жалпы 50 мыңнан […]
Пікір қалдыру