ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы М.Марайым, журналистерге берген баспасөз жиынында орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін көпқабатты тұрғын үйлердің жайына тоқталды. Айтуынша, осы жылдың 1 қарашасына дейін 2327 көпқабатты тұрғын үй орталық қазандыққа қосылуы тиіс екен. Қазіргі таңда, 1150 тұрғын үй жылу беруге дайын болса, мұның үлестік салмағы 49 пайызға тең болып отыр.Сонымен қатар, тағы бір айта кететін жәйт, тілшілермен болған кездесуде анықталған бір ақпар, сала мамандары «Нұрлы жол» бағдарламасы және облыстық бюджет қаржысы арқылы орталықтандырылған жылу құбырларының 31 шақырымын (барлығы 58,3 шқ.) қайта құру және ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өткізіп жатыр екен. Мұнан өзге, орталықтандырылған ауыз су құбырларын қайта құру жұмыстарына келсек, жөндеуден өтуі тиіс 75,3 шақырым су құбырының қазіргі таңда 50,4 шақырымы (67%) жұмысқа сақадай сай көрінеді. Жұмыстарды аяқтау қазан айының 15-не жоспарланып отыр екен.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да жүзеге асатын «Нан қасиеті»,»Ажарлы үй ырысты» жобалары жайлы не білесіз?
Оңтүстік Қазақстан облысында «Ақпарат толқыны» бағдарламасы шеңберінде, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған ысырапшылдық пен астамшылдыққа қарсы көзқарас қалыптастыру мақсатында, «Нан қасиеті» жобасы жүзеге асырылмақ. Жоба шеңберінде айына 2-реттен жыл бойы 24 бағдарлама түсіру […]
ОҚО-да «Ташкент — Термез» бағытындағы автомобиль жолы мен өткізу бекеті ашылды
Бүгін Оңтүстік Қазақстанда халықаралық маңызы бар М-39 «Ташкент — Термез» бағытындағы автомобиль жолы мен «Сырдарья» өткізу бекеті ашылды. Қатынас жолы мен арнайы бекеттің салтанатты ашылу рәсіміне Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, ҚР Инвестициялар және […]
ОҚО әкімі құрылысы кешеуілдеген мектептердің мәселесін май шаммен қарады
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өткен жиын барысында облысымызда құрылыс жұмыстары кестеден кешеуілдеп жатқан мектептердің де жай күйі сөз болды. Бұл ретте Шымкент қаласындағы «Таскен тұрғын алабындағы №103 орта мектебіне 600 оқушы орындық жаңа оқу блогын […]
Пікір қалдыру