Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласы аумағындағы жол-құрылыс нысандарын аралап, бүгінгі ахуалымен танысты. Ең алдымен, аймақ басшысы облыс орталығы – Шымкентті Сайрам ауданының Ақсукент ауылымен және Түлкібас ауданын қосатын негізгі транспорттық жол торабы болып табылатын Жібек жолы көшесінің қайта құру жұмыстарын көрді. Пазиков көшесінен Кіші айналма жолына дейін, Арғынбеков көшесі қиылысының жол айрығымен бірге реттеліп жатқан жолдың жалпы ұзындығы 7,8 шақырым. 2015 жылдан бері басталған осынау жұмыстарды аяқтау осы жылдың қараша айына жоспарланған.«Екі бағыттағы төрт жолақты жолдың ені бұрын 7,5-8 метрге дейін болса, бүгінгі таңда жол ені 15 метрге дейін кеңейтілді. Жұмыстар аяқталғанда аталған көшедегі көлік тығыны толықтай жойылып, Сайрам ауданы халқының қалаға келуін жеңілдететін болады. Ішкі көлік жолдарын дамыту экономикалық байланыстардың жақсаруына сеп болды.Сондықтан жол торабының бойын реттеу кезінде қала халқының жүріп, тұруына ыңғайлы болуы қажет. Ал,сала жетекшілері бөлінген қаржыны тиімді пайдалануы тиіс»-деді Жансейіт Қансейітұлы.
Ұқсас жаңалықтар
В канун дня столицы в Шымкенте запустили 9 инвестиционных проектов
В онлайн-церемонии открытия принял участие аким города Мурат Айтенов. Он вышел в прямой эфир с представителями новых производств и пожелал удачи коллективам. «Шымкент считается центром торговли, промышленности и культуры. Сегодня, в канун Дня столицы, […]
ШЫМКЕНТ: ҚАРТТАР ҮЙІНДЕГІ ЕКІ АРДАГЕРДІҢ ҮЙЛЕНУ ТОЙЫ ӨТТІ
Шымкент қаласы №10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында қызмет алушы екі қарттың көңілі жарасып, бас құрады. Қос ардагердің қуанышына орай, демеушілер есебінен той жасалып, жақсы тілектер айтылды. 72 жастағы Рақымқұл Бегалыұлы мен 62 жастағы Найла […]
ОҚО әкімі қоғамдық қабылдауда тұрғындардың мәселесін тыңдады
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жансейіт Түймебаев партия филиалының бас ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді. Өңір тұрғындары ауылдық жердегі электр бағаналарының ескіргенін, медициналық сақтандыру жүйесі жөнінде сөз болды. Сонымен қатар, әйелдер […]
Пікір қалдыру