Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі Қ.Төлеметов көшесінің қайта құру жұмыстарына куә болды. Құжаттағы атауы — «Кіші айналма жолды қайта құру» (Қалалық қоқыс орнынан Жібек жолы көшесіне дейін ПК 63 – ПК 107) деп аталатын жол бөлігінің тиісті жұмыстары екі жыл басталған. Ұзындығы 4,4 шқ. болатын бөлікті барынша тез арада бітіруді айтқан әкім сапасын да естен шығармауды нұсқады. Төрт жолақты тас жолдардың бойында көп қабатты үйлер салынып, сәнді ағаштардың егілуі, аяқжолдардың да қарастырылуы керектігін ескерткен әкім Шымкентте шаһар атына сай құрылыстар болуы керектігін айтты.Өңір басшысы бастаған топ облыстық маңызы бар КХ-37 «Шымкент-Қызыләскер-Түйетас» автомобиль жолының 0-3,9 шақырым аралығын қайта құру бойынша атқарылған шаруаны да көрді. Өткен жылдан басталған жұмыстар осы жылы қарашаға дейін бітуі тиіс. Халыққа барынша ыңғайлы орта құру қажеттігіне назар аударған бірінші басшы күн суымай қолданысқа беруді тапсырды.
Ұқсас жаңалықтар
БАЛАЛАР АЛАҢШАСЫ АШЫЛЫП, ШАШУЫ ШАШЫЛҒАН КҮН!
Бүгін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданына қарасты Қабанбай батыр көшесі №13 тұрғын үй, Пазылбеков көшесі №5, 7 үй, Айбергенов көшесі №1, 5, 5а мекен жайларына балалар ойын алаңшалары тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді. Су жаңа ойын алаңындағы […]
ОҚО әкімі көшбасшы жастармен кездесті
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев «Жас Отан» Жастар қанатының ІV Съезі аясында «Жастар Отанға!» саяси лагеріне арнайы қатысу үшін келген көшбасшы жастармен дөңгелек үстел басында кездесті.Кездесуге республикалық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Д.Сүндетбаев, ҚР Дін […]
Шымкенттік оқушылар Астана күнін айрықша атап өтті
6-шілде — ел аумағында айрықша мереке! Елордамыз Астананың туған күні! Айтулы датаны шымкенттік шәкірттер ерекше көңіл-күйде атап өтті десек болады. Алдымен қала тұрғындарына мерекелік құттықтау тілектерін жолдады. Шымкент қаласындағы Әл-Фараби алаңына орналасқан «Шымкент Плаза» сауда […]
Пікір қалдыру