ҚР Парламенті сенатының депутаты Әли Бектаев, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Президентіміздің мақаласына мақтаралдықтардың айрықша назарын аудартып, мақаладағы басты 3 мәселе жайлы айтып өтті. Ұлттық код, ұлттық сана, отбасылық құндылық мәселелерін көтерген Ә.Бектаев қазақ қашанда біртұтас ұлт болғанын, Қазақстаннан табылған 4 мың жыл бұрынғы сүйек дәл қазіргі қазақтардың генетикалық кодына 100% ұқсағанын деректермен келтірді.Сондай-ақ, бүгінгі таңда жастарға білім беру ісінде әлемдегі ең мықты тәжірибелер қолданылып жатқанын, жаһанның озық технологияларын ең бірінші болып пайдалану үшін де әрбір қазақ ағылшын тілін білу керектігін айтты. Жаһандану жүріп жатқан бүгінгі дәуірде, әсіресе, қазақтың отбасылық құндылықтарын сақтап қалу қажеттілігіне тоқталған депутат: «Қазақ қашанда ата-анасын құрметтеген, қызын сыйлап төрге отырғызатын халық болған. Жетімін жылатпаған, үлкенді сыйлап, кішіні ізеттеген. Осыдан он шақты жыл бұрын қарттар үйінде, балалар үйінде қаракөздерімізді көрмейтін едік. Ал, бүгін қалтасы қалың болса да ата-анасын қарттар үйіне сүйрейтін азаматтар көбейіп кетті» — дейді және осындай рухани құлдырауларға тосқауыл қою үшін дер кезінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы өмірге келгенін еске салды.Жиынның соңында ауданның тұрғындары депутатқа елдің болашағы жайлы көптеген сұрақтар қойып, жауаптар алды. Тұрғындар айтқан кейбір мәселелерді Парламентте көтеретіндігін айтқан депутат бұдан кейін де Мақтарал ауданына бірнеше рет келетінін жеткізді. Аудан әкімі Ғ.Исмаилов депутатқа өз алғысын білдіріп, депутаттармен әрқашан бірлесе жұмыс істеуге дайын екендігін айтып, жиынды қорытындылады
Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралдық оқушылардың Астанаға тартуы
6-шілде — Астана күні мерекесіне орай Жетісай қаласының «Жеңіс» алаңында Мақтарал ауданы оқушыларының қатысуымен сурет салудан байқау болып өтті. Аудандық Білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға 20 мектептен 30-ға жуық оқушылар қатысты.1994 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті […]
Мақтааралда аналар кеңесінің көшпелі отырысы өтті
Мақтарал ауданы әкімінің аппаратында ОҚО Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков, ОҚО Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Балхия Көмекбаева және осы ұйымның мүшесі Зоя […]
Мақтааралда Астана күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті
6-шілде – Астана күні қарсаңында Жетісай қаласындағы «Жеңіс» алаңында Мақтарал ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Елімнің жүрегі – Астана!» атты мерекелік гала-концерт болып өтті. Күллі республикаға танымал Б.Момышұлы мектеп гимназиясының оқушыларынан құралған «Үміт» тобының «Астаналар тарихы» атты […]
Пікір қалдыру