ҚР Парламенті сенатының депутаты Әли Бектаев, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Президентіміздің мақаласына мақтаралдықтардың айрықша назарын аудартып, мақаладағы басты 3 мәселе жайлы айтып өтті. Ұлттық код, ұлттық сана, отбасылық құндылық мәселелерін көтерген Ә.Бектаев қазақ қашанда біртұтас ұлт болғанын, Қазақстаннан табылған 4 мың жыл бұрынғы сүйек дәл қазіргі қазақтардың генетикалық кодына 100% ұқсағанын деректермен келтірді.Сондай-ақ, бүгінгі таңда жастарға білім беру ісінде әлемдегі ең мықты тәжірибелер қолданылып жатқанын, жаһанның озық технологияларын ең бірінші болып пайдалану үшін де әрбір қазақ ағылшын тілін білу керектігін айтты. Жаһандану жүріп жатқан бүгінгі дәуірде, әсіресе, қазақтың отбасылық құндылықтарын сақтап қалу қажеттілігіне тоқталған депутат: «Қазақ қашанда ата-анасын құрметтеген, қызын сыйлап төрге отырғызатын халық болған. Жетімін жылатпаған, үлкенді сыйлап, кішіні ізеттеген. Осыдан он шақты жыл бұрын қарттар үйінде, балалар үйінде қаракөздерімізді көрмейтін едік. Ал, бүгін қалтасы қалың болса да ата-анасын қарттар үйіне сүйрейтін азаматтар көбейіп кетті» — дейді және осындай рухани құлдырауларға тосқауыл қою үшін дер кезінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы өмірге келгенін еске салды.Жиынның соңында ауданның тұрғындары депутатқа елдің болашағы жайлы көптеген сұрақтар қойып, жауаптар алды. Тұрғындар айтқан кейбір мәселелерді Парламентте көтеретіндігін айтқан депутат бұдан кейін де Мақтарал ауданына бірнеше рет келетінін жеткізді. Аудан әкімі Ғ.Исмаилов депутатқа өз алғысын білдіріп, депутаттармен әрқашан бірлесе жұмыс істеуге дайын екендігін айтып, жиынды қорытындылады
Ұқсас жаңалықтар
МАҚТААРАЛДА ҰЛЫ АҚЫННЫҢ ӨНЕГЕЛІ ӨМІРІ НАСИХАТТАЛДЫ
Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 172 жылдығына орай Жетiсай қаласындағы «Абай» гүлзарында жиналған жұртшылық ақынның рухына тағзым етiп, ескерткiшiне гүл шоқтарын қойды. Ақынның өнегелі өмірінен сыр шертіліп, даналығы, рухани асыл мұралары насихатталып, өлеңдері, әсем әндері айтылған […]
Мақтааралда Астана күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті
6-шілде – Астана күні қарсаңында Жетісай қаласындағы «Жеңіс» алаңында Мақтарал ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Елімнің жүрегі – Астана!» атты мерекелік гала-концерт болып өтті. Күллі республикаға танымал Б.Момышұлы мектеп гимназиясының оқушыларынан құралған «Үміт» тобының «Астаналар тарихы» атты […]
Мақтааралда оқушыларды ҰБТ-ға тасмалдап, тамақтандыру үшін бюджеттен 7 миллион теңге бөлінген
Мақтарал ауданы бойынша 125 білім беру мекемелері жұмыс істейді. Оның ішінде 122 жалпы орта білім беру мектептері, 3 негізгі орта білім беру мектептері, 1 «Дарын» мектеп-интернаты бар. Биыл ауданда 4214 оқушы 11-сыныпта оқыды. Қазіргі таңда […]
Пікір қалдыру