Мақтарал ауданына іс-сапармен Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты Әли Бектаев келді. Тұрғындармен кездесу жиынына аудан әкімі Ғалым Исмалов, ауылдық округтің әкімдері мен бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, мектеп директорлары мен мәдениет саласының мамандары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.Сонымен қатар, мінберге шыққан депутат биылғы тарихи оқиғалар жайлы сөз қозғады. Мемлекеттің даму бағытын айқындаған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Жолдауынан бастап, ондағы әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру мәселелеріне тоқталды. Жаһанның ең озық технологияларын елімізге ендіру арқылы цифрлы Қазақстан құру мәселелері төңірегінде жасалынып жатқан жұмыстар жайлы айтып өткен депутат дәл осы Жолдауға байланысты Парламентте 84 заң жобасы қаралғанын атап өтті.«Қазақстан — мұхитқа шыға алмайтын мемлекет. Біз ірі магистралді жолдар салу арқылы ғана шетелдермен байланысымызды, сауда-саттығымызды нығайта аламыз. Сондықан, «Нұрлы жол» бағдарламасы жұмысын тоқтатпайды» — деді Ә.Бектаев
Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралдық 150 оқушы «ЭКСПО»-дан оралды
Мақтарал ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 150 оқушы Астана қаласында өтіп жатқан «EXPO-2017» халықаралық көрмесін тамашалап қайтты. Жетісай қаласының орталық алаңына келіп түскен балалар саяхатта көрген әсерлері туралы журналистермен бөлісті.«Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қазақстандық […]
Мақтааралдықтар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Мақтаарал» мәдениет үйінде аудандық арнайы іс-шара ұйымдастырылды. «Зұлмат жылдар – жадымыздан шықпайды!» деп аталған шарада ауыр жылдардың қасіреті суреттелген деректі фильм көрсетіліп, мақтаралдықтар сол дәуірдегі […]
ӘЛИ БЕКТАЕВ: ҚАЗАҚ ҚАШАНДА БІРТҰТАС ҰЛТ БОЛҒАН
ҚР Парламенті сенатының депутаты Әли Бектаев, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Президентіміздің мақаласына мақтаралдықтардың айрықша назарын аудартып, мақаладағы басты 3 мәселе жайлы айтып өтті. Ұлттық код, ұлттық сана, отбасылық құндылық мәселелерін көтерген Ә.Бектаев қазақ қашанда […]
Пікір қалдыру