«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында 29 тамыз бен 3 қыркүйек күндері Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді. Оңтүстік Қазақстанның күндері аясында облыстың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениеті мен байлығын паш ететін 43 мәдени көпшілік іс-шарасы елордалықтар мен қала қонақтарының назарына ұсынылатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков мәлім етті. «Оңтүстік Қазақстан облысында индустрияландыру картасының екінші бесжылдығы (2015-2019 жж.) аясында жалпы сомасы 47,1 млрд. теңгені құрайтын 47 жоба іске асырылып, 1 650 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал, осы жылы құны 1,7 млрд. теңге болатын 3 жоба іске қосылса, жыл соңына дейін 14 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жыл соңына дейін өнеркәсіп өнім көлемін 850 млрд. теңгеге жеткізіп, 2,1% өсімін қамтамасыз ету көзделуде. Маңызды жобаларды іске асыру бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облысқа 229,9 млрд. теңге инвестиция бағытталып, 31,5%-ға артты (2016 ж. 166,4 млрд.теңге). Оның ішінде сыртқы инвестициялар 42,3 млрд. теңгені құрап, үлесі 14,1%-дан 16,9%-ға көбейген», — деді өз баяндамасында Ұ.Сәдібеков.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да жер қойнауын пайдаланушыларға талап күшейтіледі
Оңтүстік Қазақстан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұқит Отаршиевтың айтуынша, өңірде кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіруге арналған 168 келісімшарт және автомобиль жолдарының құрылысына пайдалану үшін кең таралған пайдалы қазбаларды […]
ОҚО-да әлеуметтік сауда орталықтары ашылады
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев селекторлық режимде өткен аппараттық жиында азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру және тауар өндірушілер мен диқандарға өз өнімдерін саудалауға мүмкіндік беретін әлеуметтік базар ашуды аудан, қала әкімдеріне тапсырды.«Әлеуметтік маңызы бар […]
ОҚО-да 61 мектеп техникалық пәндерді ағылшын тілінде оқытып бастады
Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықовтың айтуынша, 61 мектеп биология, химия, физика және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытуды бастаған пилоттық мектептердің тізіміне еніп отыр. Сонымен қатар, облыс бойынша 18 жасқа дейінгі даму мүмкіндігі шектеулі […]
Пікір қалдыру