«Жаһан таныған жеті тұлға» кітабы жайлы толығырақ тарқатсақ. Бұл — бөлекше бітімді, мазмұны мен маңызы өзгеше туынды. Шынында да жаһан жан–жақтан таныған, күллі жер жүзі кемеңгерлер ретінде мойындаған, адамзаттың, әлемдегі мерейлі мемкеттердің тағдыры мен тарихында теңдессіз рөл атқарған және атқарып келе жатқан жарқын да жасампаз тұлғалар бейнеленген. Жеті алып та – айрықша алыптар. Қайталанбас құбылыстар. Олар: Нұрсұлтан Назарбаев, Джордж Вашингтон, Махатма Ганди, Уинстон Черчилль, Мустафа Кемаль Ататүрік, Шарль Де Голль және Ли Куан Ю. Кітапта «Ғибрат ғұмыр үздіктері» деген тақырыппен титан тұлғалардың әрқайсысына мәнісі терең мінездемелер берілген. Әрине, олардың ортасынан ойып тұрып орын алған Ұлы дала перзенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырудағы қиын да, күрделі кезеңдерден жол тауып шыққандығы баяндалады. Авторы Абай Ескендіров 656 беттен тұратын бұл кітапты 4 жылда жазып шыққан.Ал «Тұлға. Тәуелсіздік. Тарих» — «Личность. Независимость. История» кітабы үш бөлімнен тұрады. Аталған туындыдағы «Ордабасыға оралу» деген алғашқы бөлімде Елбасының қасиетті мекенге табан тірегені турасында толғанатын тұстар жан-жақты қамтылған. Кітаптың екінші бөлімінде Елбасымыздың шетел басшыларымен оңтүстікте гі кездесулері сәтті суреттерімен әңгімеге арқау болған. Ал үшінші бөлімде мемлекет басшысының облысымызға 1991 жылдан басталған сапарлары жан-жақты баяндалады. Басылымға таяудағы оңтүстік өңіріне жасаған сәуірдегі сапары да енгізіліп отыр. Кітап екі тілде шыққан. Екі кітап та «Қазығұрт» баспасынан басылған.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да «Домалақ ана» кесенесі жанынан қонақ үй кешені ашылды
Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданындағы «Домалақ ана» кесенесі жанынан жаңа қонақ үй кешені пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, лентасын қиды. Салтанатты шараға белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым […]
ОҚО-да жаңа әуежайдың жобасы әзірленуде
Шымкентте заманауи үлгіде жаңа әуежай құрылысы басталмақ. Аталған жоба қолданыстағы әуежайдың тиімсіз болуына байланысты қолға алынып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Еркін Жүсіпов мәлім […]
Астана төрінде оңтүстікқазақстандық суретшілердің көрмесі өтті
Астана қаласындағы «Has Sanat» өнер галереясында Оңтүстік Қазақстан облысы суретшілері өз туындыларын Елордамыздың қонақтары мен өнер сүйер қауым назарына ұсынды. «ЭКСПО — 2017» халықаралық көрмесі, Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан Оңтүстік Қазақстан облысының […]
Пікір қалдыру