«Жаһан таныған жеті тұлға» кітабы жайлы толығырақ тарқатсақ. Бұл — бөлекше бітімді, мазмұны мен маңызы өзгеше туынды. Шынында да жаһан жан–жақтан таныған, күллі жер жүзі кемеңгерлер ретінде мойындаған, адамзаттың, әлемдегі мерейлі мемкеттердің тағдыры мен тарихында теңдессіз рөл атқарған және атқарып келе жатқан жарқын да жасампаз тұлғалар бейнеленген. Жеті алып та – айрықша алыптар. Қайталанбас құбылыстар. Олар: Нұрсұлтан Назарбаев, Джордж Вашингтон, Махатма Ганди, Уинстон Черчилль, Мустафа Кемаль Ататүрік, Шарль Де Голль және Ли Куан Ю. Кітапта «Ғибрат ғұмыр үздіктері» деген тақырыппен титан тұлғалардың әрқайсысына мәнісі терең мінездемелер берілген. Әрине, олардың ортасынан ойып тұрып орын алған Ұлы дала перзенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырудағы қиын да, күрделі кезеңдерден жол тауып шыққандығы баяндалады. Авторы Абай Ескендіров 656 беттен тұратын бұл кітапты 4 жылда жазып шыққан.Ал «Тұлға. Тәуелсіздік. Тарих» — «Личность. Независимость. История» кітабы үш бөлімнен тұрады. Аталған туындыдағы «Ордабасыға оралу» деген алғашқы бөлімде Елбасының қасиетті мекенге табан тірегені турасында толғанатын тұстар жан-жақты қамтылған. Кітаптың екінші бөлімінде Елбасымыздың шетел басшыларымен оңтүстікте гі кездесулері сәтті суреттерімен әңгімеге арқау болған. Ал үшінші бөлімде мемлекет басшысының облысымызға 1991 жылдан басталған сапарлары жан-жақты баяндалады. Басылымға таяудағы оңтүстік өңіріне жасаған сәуірдегі сапары да енгізіліп отыр. Кітап екі тілде шыққан. Екі кітап та «Қазығұрт» баспасынан басылған.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасы үздік үштіктің қатарында
Оңтүстік Қазақстан облысында спорттық ойындардан «23-маусым Мемлекеттік қызметші» күні меркесіне арналған дәстүрлі спартакиада өз мәресіне жетті. Мемлекеттік қызметшілер арасында өткен биылғы сайыста облыстағы басқармалар мен департаменттерден жасақталған 27 команда, барлығы 500-ге тарта қызметкер бақ сынаған […]
ОҚО-ға тартылған инвестиция көлемі 180 миллиар теңгеден асқан
Биылғы жылдың алты айында Оңтүстік Қазақстан облысына тартылған инвестиция көлемі 180,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 33%-ке өскен. Сондай-ақ индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында облысымызда жалпы құны 208 млрд.теңгені […]
Ақсу ауылында 150 тонна сүт өңдейтін зауыт салынбақ
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданындағы «Компания Натур Продукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Агробизнес 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл сайын сары май мен ірімшікке субсидия бөлінеді. Бүгінгі таңда кәсіпорынды кеңейту мақсатында өндіріс қуаттылығын арттыру үшін тәулігіне 70 […]
Пікір қалдыру