«Газпромнефть» компаниясының Қазақстан Республикасы аумағындағы битум өнімдерін шығару және сату бойынша еншілес мекемесі «Газпромнефть — Битум Қазақстан» мекемесі Төлеби ауданында қоспаларды металл бөшкелерге құюдың жаңа автоматты желісін іске қосады.Бұл еліміз бен жақын мемлекеттердің жол-құрылыс компаниялары үшін ең қолайлы ыдыс. Бұл — Қазақстандағы битум зауытының технологиялық процесін жаңарту бағдарламасының маңызды кезеңі. Оның жүзеге асуы Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және басқа да елдердегі контрагенге деген сұранысты қамту үшін жылына 15 мың тонна өнімді құюға мүмкіндік береді.Қазіргі таңда өндірістік алаңда нарықта қажет етілетін БНД 60/90 және 70/100 маркалы базалық битум шығарылады, олардың сапасы ресей мен қазақстандық стандарттарға сай келеді. Дайын өнімді жөнелту құйылған, сондай-ақ металл бөшкелерге орап-түйілген күйінде іске асырылады. «Газпром нефть» битумын қолдана отырып, Оңтүстік Қазақстан жолдарының үштен бірі, оның ішінде ірі жол жобасының – «БатысЕуропа – Батыс Қытай» трансқұрылықтық дәлізінің автомобиль жолдары салынды.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО жолдарында 400-ден астам көпір бар
Оңтүстік Қазақстан облысында облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында жалпы 409 дана көпір бар. Аталған нысандардың 290 данасы қанағаттанарлық жағдайда болса, қалған 119 данасы жөндеуді қажет ететін көпірлер болып табылады.Жыл соңына дейін 18 көпір тиісті жөндеуден […]
ОҚО-дағы түлкібастық кәсіпкер көкөніс консервілерін Қытайға экспорттауда
Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындағы «Байтерек 4» ЖШС-нің жұмысы қарқын алған. Көкөністерді консервілеумен айналысатын мекеме жылына 1,5 мың тонна болатын 28 түрлі өнім шығаруда.Кәсіпкер тауарлардың басым бөлігін Алматы қаласы мен еліміздің батыс өңірлеріне жіберуде. Бүгінде […]
ОҚО-да жүзеге асатын «Нан қасиеті»,»Ажарлы үй ырысты» жобалары жайлы не білесіз?
Оңтүстік Қазақстан облысында «Ақпарат толқыны» бағдарламасы шеңберінде, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған ысырапшылдық пен астамшылдыққа қарсы көзқарас қалыптастыру мақсатында, «Нан қасиеті» жобасы жүзеге асырылмақ. Жоба шеңберінде айына 2-реттен жыл бойы 24 бағдарлама түсіру […]
Пікір қалдыру