Оңтүстік Қазақстан облысының орталығына жақын орналасқан Ордабасы ауданында биыл ақ егістің көлемі 17617 гектарға жетеді. Нақтырақ айтқанда, оның ішінде ас атасы бидай — 16 367 гектарға, арпа 1250 гектарға егіліп отыр. Яғни, бұны былтырғы жылдармен салыстырғанда анағұрлымға көп. Биылғы ауа райы шаруалар үшін қолай болғанына да айта кеткен жөн. Сол себепті де бүгінгі таңда Ордабасылық шаруалар өнімнің барлығын жиып-теріп, көңілін демдеп отырған жайы бар.Бұл өте қуантарлық жаңалық десек артық болмас. Себебі, ала жаздай еткен еңбектің ойдағыдай ақталғаны дихандардың бағының жаңғаны деуге болады. Биыл егістің әр гектарынан түскен өнімінің мөлшері де көңіл қуантады. Нақтырақ айтқанда, өнімнің орта түсімі гектарына 18,2 центнерді құрап отыр. Бұл дегенің тамаша көрсеткіш дейді мамандар. Осының арқасында Ордабасы аудан бойынша 30 385 тонна бидай, 1610 тонна арпа жиналғанын айта кеткен жөн. Иә «нан болса, ән болады» демекші, шаруалардың қамбасы астыққа толса, дүйім жұрттың көңілі тоқ болары хақ.
Ұқсас жаңалықтар
Р. ҚАЙЫПЖАНОВ: «ӘР ҚҰЖАТ — БІР АДАМНЫҢ ТАҒДЫРЫ ЕКЕНІН ҰМЫТПАҢЫЗДАР»
Ордабасы ауданының әкімі Рашид Қайыпжанов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне барып, қызметкерлерінің жұмыс барысымен танысты. Бөлім басшысы Гүлжан Досова үйде әлеуметтік қызмет алатын 96 жалғызілікті қария барын, оларға 24 әлеуметтік қызметкер бекітілгенін айтты. […]
Тарихи құжат, маңызды қадам
26-қазан күні Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды. Елбасы бұл жөнінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласында : «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын […]
Ордабасыда кәсіпкерлер палатасы есеп берді
Облыстық Кәсіпкерлер палатасының Ордабасы аудандық филиалы кеңейтілген мәжіліс өткізіп, 2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары жөнінде есеп берді. Филиал директоры Нұрғали Ақмұратовтың мәлімдеуінше, жыл басынан бері «Атамекен» ҰКП-ның Ордабасы аудандық филиалына кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында […]
Пікір қалдыру